«Қазақстан халқы Ассамблеясы елдік пен бірліктің ұйытқысы екендігін дәлелдеді», - сарапшы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы елдік пен бірліктің ұйытқысы екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді». Сарапшылар Ассамблеяның 33-ші сессиясының отырысынан кейін осылай деп пікір білдірді. «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» деген атаумен өткен биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңмен тұспа-тұс келді. Президент бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор екенін атап өтті. Ассамблея мүшелері қиын-қыстау заманда еліміздегі түрлі этнос өкілдері бірлік пен ынтымақтың айқын көрінісін паш еткенін жеткізді. Икрам ХАШИМЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕК ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ «ДУСТЛИК» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Кешегі сын сағаттарда бірлікті көрдік. Бірліктің аясында бүкіл қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, сол су тасқынынан зардап шеккен бауырларымызға өздерінің көмегін берді. Осының аясында мен айтып кетейін, Қазақстан өзбектері "Дустлик" қауымдастығы да 112 млн теңгеден артық қаржылай көмек көрсетті. Осы бірліктің арқасында біз тұрақтылығымызды көрсете білдік. Бүгінгі жиында Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажеттігі сөз болды. Ассамблея жастардың идеологиялық тәрбиесін айрықша назарда ұстайды. Сарапшылар «Қазақстанның халқы біртұтас» деген қағидаттар өскелең ұрпақтың бойынан көрініс табуға тиіс» деген пікірде. Арман ЕШМҰРАТОВ, ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Өте көп қызық мәселелер болды. Ең бастысы, қашан да Ассамблеяның жұмысы - Қазақстандағы әртүрлі этностардың арасында дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру. Міндетті түрде ғылыми мәселе, ғылым жағынан жақындау керек. Ол жағынан үлкен жұмыстар істелініп келе жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қой ұрламақ болды деп ойлаған: Жамбыл облысында 3 азамат ауылдасын өлтіріп қойды
"Әйелі бар екенін білдім". Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовпен таныстығы туралы айтты
Заңнамадағы өзгерістер еліміздегі жас ғалымдар мен болашағы зор зерттеушілерді қолдауға көмектеседі
«Бекет-2024» ведомствоаралық оқу-жаттығуы аяқталды
Үкімет отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді қолдау құралдарын қайта қарады
«Ответчик орыс болғандықтан»: Алматыда аудандық сот қазақ тіліндегі арызды қабылдамады (ВИДЕО)
Кілтті жоғалтып алғаны үшін әйелін ұрып-соққан: ер адам қамауға алынды
Бішкектегі тәртіпсіздік: пәкістандық студенттер Қырғызстаннан Қазақстанға өткелі жатыр ма?
Жеңілатлет Нора Джерута Олимпиадаға іріктеуден өтті
Алматыда жұрттың көзінше әйелін сабаған ер адам қамауға алынды
Қытайда ҚР Ұлттық музейі қорының көрмесі ашылды
Ақтөбе облысында өрттен екі адам қаза тапты
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының тұрғындарына алғыс айтты
Кілтті жоғалтып алғаны үшін әйелін ұрып-соққан: ер адам қамауға алынды
Ақтөбе облысында өрт кезінде екі адам қаза тапты
Сарайшық ауылында зиратты қорғап қалу үшін 800 метр жанама бөгет соғылды
Қой ұрламақ болды деп ойлаған: Жамбыл облысында 3 азамат ауылдасын өлтірген
Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды
Алматыда лифтінің алдында бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адам ұсталды
БҚО-да зейнеткер "түрлі ауруға ем" көрпені 300 мың теңгеге сатып алған
Баланы интернеттің жабайы орманынан қорғайтын технология жасалды. Өте пайдалы
Жыл басынан бері 19 бала есірткі таратқан: ІІМ үндеу жасады
Сарайшықта зиратты қорғап қалу үшін жанама бөгет соғылды
Жеңілатлет Нора Джерута Олимпиадаға іріктеуден өтті