"Қазақстан халқы өте мейірімді, көмектесуге дайын тұрады", - қандас

Жыл сайын мыңдаған қандасымыз атажұртқа оралады. Мамандардың айтуынша, әсіресе, соңғы жылы Ресейден көшіп келгендер 10 есе артқан. Қандастар қайда орналасып жатыр? Тарихи отанына бейімделді ма? Тілшіміз тілдесіп көрді.Атажұртқа жету, Отанының дамуына еңбек ету, өз елінде ұрпақ тәрбиелеу - әрбір елжанды қазақтың арманы. Ресейден Алматыға көшіп келген Алмат Бекеновте туған елде табан тіреуді көптен бері ойлаған. Қазір айти саласында оқуымды тәмәмдап, жұмыс бастауға дайынмын, дейді. Алмат БЕКЕНОВ, ҚАНДАС: Орынбордан Алматыға көкем екеуіміз осы күзде көшіп келдік. Біз оның кәсібін дамытуға жаңа нарық іздедік. Мен этникалық қазақпын, қарашада қандас мәртебесін алған едім. Бейімделу кезеңі мен үшін өте оңай өтті, ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Халық өте мейірімді, көмектесуге дайын болып тұрады. Оған қоса қазақ тілін де жайлап үйреніп келемін. Елге оралған қандастардың көбі 25-50 жастағы азаматтар дейді мамандар. Қандас мәртебесі бір жылға беріледі, оны бір мәрте 6 айға ұзартуға болады. Мырзан МАРИНОВ, АЛМАТЫ Қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 2022 жылы бізге оралған қандастарымыздың саны 1184 адамды құрайды. Олардың 426-ы Ресейден. 467-і Өзбекстаннан. Қытайдан 476 адам келді былтыр. Осы қандас куәлігін алғаннан кейін жеңілдетілген тәртіппен олар көші-қон басқармасына қайырылып, азаматтық алуға болады. Жұмыспен қамтуға қандастарымыз қайырылған жағдайда, біз мына жұмыспен қамту орталығына тіркейміз жұмыссыз ретінде. Содан кейін біліміне және тәжірбиесіне байланысты біз оларға жұмыстар ұсынылады. Қандастар үшін елде жұмыс табу да қиынға соғып жатқан жоқ. Өмір сүруге қолайлы, қызмет, тауар, азық-түлік бағасы да тиімді екен. Алма ЖАНДӘУЛЕТОВА, FMI РЕКРУТИНГТІК АГЕНТТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қытайдан келген қандастардың көбісі ауыл шаруашылығына, саудамен айналысуға келеді. Ал Ресейден келген азаматтардың көбі маркетинг, пиар, логистика, блоггерлік мансаппен айналыстындар болып келеді. Осы жерге көшіп келіп, жұмысқа тұратындар біздегі ең жақсы жұмыс орындарын алып жатқан көрінеді, өйткені ол азаматтар үнемі жоғары жалақыға үйренген. Олар бәсекелестікті әрине әлдейқайда арттырып жатыр. Елге ел қосылса құт деген. Биылғы жылдың өзінде Алматыға 291 қандас оралған. Оның ішінде Қытайдан 176 адам, Ресейден 54 адам, Өзбекстаннан 82 адам келді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жайлы мектеп» құрылысы – партия бақылауында
Ақтаудағы қайғылы жайт: тірі қалғандар ұшақ құлар алдында бортта не болғанын айтты
Қазақ-өзбек шекарасында 450 метр туннель анықталды
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты