«Қазақстан халқына» қоры аудандар мен моноқалаларда робототехника кабинеттерін ашады

Қазақстандық оқушылар сұранысқа ие инженерлік құзыреттерді меңгеретін болады. Жаңа оқу жылына қарай 161 аудандық мектепте және моноқалалардағы 28 мектепте робототехника кабинеттері құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазақстан халқына» қорының «Болашақ инженерлер» бағдарламасы бойынша 1-6 сынып оқушылары бағдарламалау, құрастыру, мехатроника, электротехника және басқа да бағыттар бойынша білім алады. Жаңа инженерлік дағдылар оқушыларға түрлі мамандықтарды игеруге және болашақта сұранысқа ие маман болуға жәрдемдеседі. Еліміз бойынша барлығы 189 робототехника кабинеті ашылады. Алғашқы робототехника кабинетінің таныстырылымы Ақмола облысының Қоянды ауылының №2 мектебінде өтті. Мектеп бағдарламалық қамтамасыз етуді, конструкторларды, электрониканы қамтитын робототехниканы зерттеуге арналған заманауи бағдарламалық-аппараттық кешенмен толықты. Кабинетті жаңартуға 3,6 млн теңге бөлінді. Қайырымдылық бағдарламасы «Арман Инжиниринг» компаниясымен, Инженерлік білім беруді дамыту қорымен және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. «Арман Инжиниринг» Ы.Алтынсарин академиясымен робототехника бойынша оқу-әдістемелік кешендер әзірлеп, бекітті. Кабинеттерге сатып алынған отандық жабдықтарға академия және республикалық оқу-әдістемелік орталығы тарапынан оң қорытынды берілді. Инженерлік білім беруді дамыту қоры республикалық оқу-әдістемелік орталық базасында ұстаздар үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. «Іске асырып жатқан бағдарламаның мәні кабинетті жабдықтау туралы емес, білім беру үрдісін құруға негізделген. Оқушыларға заманауи конструкторлар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынамыз. Бұл бағдарламалауды үйрену жолындағы құралдар. Сондықтан біз мұғалімдерді робототехникаға ғана емес, инженерлік құзыреттілікке үйретіп, толық әдістемелік қолдау көрсетеміз. Робототехниканы оқыған бала электротехник, интернет-платформаларды әзірлеуші, ұшу аппараттарын құрастырушы бола алады, яғни инженерлік білімнің арқасында ол көптеген мамандықтарды игереді. Қарапайым инженерден бастап автоматтандырылған кәсіпорынның басқарушысына дейінгі қызмет иесі атануға мүмкіндігі бар», – деді «R:ED – Robotics Education» робототехниканың халықаралық бағытының басқарушы директоры Максим Сушков. «Болашақ инженерлер» қайырымдылық бағдарламасының алғашқы нәтижесін бір жылдан кейін бағалауға болады. Болашақ инженерлер дағдылары мен білімдерін таныту үшін робототехника бойынша республикалық олимпиада ұйымдастыру жоспарлануда. Республикалық кезеңнің жеңімпаздары халықаралық байқауға қатыса алады. «Бір қарағанда робототехника бойынша RED құрастырушылары, электроника бөлшектері бар бір шағын кабинет сияқты. Бірақ мұндай жобаның әлеуеті зор. Балалар робототехника арқылы бағдарламалауды игереді. Бағдарламалау – болашақтың мамандығы болғанымен, ол қазіргі күннің мамандығына айналды. Мысалы, бүгінде нарықта қаржыгерлерден гөрі қаржы мен бағдарламалауды қатар білетін мамандар үлкен сұранысқа ие. Өйткені, бағдарламашылар барлық салаларда қажет және сұранысқа ие. Олар бүгін өнім әзірлеу арқылы болашақты қалыптастырады», – деп атап өтті Қордың Басқарма төрағасы Болат Жәмішев. Айта кетсек, «Болашақ инженерлер» бағдарламасы бойынша робототехника кабинеттері Қазақстанның барлық облысында әрбір ауданда және моноқалада құрылатын болады. Жобаның мақсаты – ауылдық жерлердегі және моноқалалардағы балаларға робототехниканы зерделеу үшін ресурстық орталық құру, инженерлік құзыреттер саласында қолжетімді сапалы білім беру ортасын қамтамасыз ету. Бағдарламаны іске асыруға «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 673,2 млн теңге, «Арман Инжиниринг» компаниясы және Инженерлік білім беруді дамыту қоры 464,5 млн теңге бөлді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
Ресейлік файтер қазақстандық жігітінің басынан теуіп, талдырып тастады (ВИДЕО)
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Қытайда өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі
“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Алматыдағы тұңғыш қазақ мектебіне 100 жыл толды
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
«Әлеуметтік әмиян» сервисінің көмегімен 560 мыңнан астам дәрі-дәрмек тегін берілген
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты