«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға үй салуға 10 млрд теңге бөледі

Астанадағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына «Қазақстан халқына» қоры қолдау көрсетті. Қордың демеушілігімен мекемеде түрлі аурулардың алдын алатын тұз шахтасы ашылды. Сондай-ақ жоғарғы және төменгі аяқтарға арналған жалпы сомасы 32 миллион теңге болатын оңалту құралдарымен жабдықтады. 64 жастағы Жұмағали Мағзұмов орталықта 5 айдан бері тұрады. 4 жыл бұрын короновирусқа шалдыққан соң, тез ентігіп, демікпе мазалайтын болған. Бұдан бөлек аяқ-қолдары қақсап, сүйегі сырқырағанды шығарыпты. Қазір тұз шахтасында ем алуда. Жұмағали МАҒЗҰМОВ, «ШАРАПАТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жиі келіп тұрамыз. 10 күнге назначение береді врачтар. Сосын физиолечениелрі бар, өте жақсы. Техникалар әкеліп берген аяқ-қолға, сонымен емделіп жатырмыз. Рақметімізді жаудырып отырамыз әрқашанда. Қор жарты жыл бұрын тарту еткен аппараттардың нәтижесі көп күттірмеді. Бүгінгі күннің өзінде инсульт алып, жағдайы нашарлап кеткен бірнеше адамның беті бері қараған. Ержан АБДЫКАРИМОВ, «ШАРАПАТ» ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ МЕДИЦИНА БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Кейбір адамдар бір жақ қолы сал, аяғы сал болып қалып жатады. Сол адамдарға ерекше көмегін тигізіп жатыр. 4-5 адамымыз бар қазір жүре бастаған, қолын көтере бастаған, есту, сөйлеу қабілеттері жақсы бола бастағандар бар. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жұмысын бастаған «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының қайырымдылық бағдарламалар мен жобаларының жалпы құны бүгінде 200 млн теңгеге жетті. Қор денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және оңалту, білім беру, спорт және төтенше жағдай бағыттары бойынша халыққа қолдау көрсетеді. Марат МҰХАМЕДСАЛИЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Қор жұмысының басты принциптерінің бірі – жиналған қаражатты тиімді жұмсау. Бағдарламалардың 50 проценті медицина, дәрі-дәрмекпен қамту саласына бағытталған. Оның ішінде құны 1 млрд теңге болатын ең қымбат, инновациялық Золгенсма препаратын алған 13 бала бүгінде қалыпты өмір сүріп жатыр. Шамамен 400 адам өмір бойы қабылдауға қажетті дәрі-дәрмек алып отыр. Айта кету керек, Қордың Қамқоршылық кеңесі биыл су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға үй салуға 10 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде еліміздің 5 өңірінде 550 үй салынбақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырау облысындағы тасжолда жасырын камера қойылған полиция көлігі байқалды
Бойжеткен 25 жылдан кейін құлдықтағы әкесін тапты
Таразда суицид жасамақ болған ер адам дер кезінде құтқарылды
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
Астана мен Сеул арасындағы рейстер қайта жанданды
Қарағанды облысында бірнеше медицина мекемесі ашылды
Әйгілі промоутер Әлімханұлының кімдермен жұдырықтасатынын айтты
Өскемендік әйел саусағынан сақинаны шеше алмай, әбден қиналған
Ұлттық ұлан сарбазы судан шыға алмаған жасөспірімді құтқарып қалды
Құтқарушылар Алакөлде 3 жас жігітті құтқарды
Құтқарушылар теңізге батып кеткен жігітті іздеп жатыр
Астанада әкелер мен балалар үшін қызықты сайыс өтті
Павлодарда төрт адам құймақтан уланып қалды
Роза Әлқожа Қарағандыдағы қонақ үйде оқыс жағдайға тап болды
Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми взводы әскери ант берді
Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми взводы әскери ант берді
Павлодарда нан сататын дүңгіршекті егеуқұйрық жайлаған
Қазақстанда ана құрсағындағы ұрыққа операция жасала бастады
Онлайн құрбандық шалуға бола ма? ҚМДБ жауап берді
Астанада жас отбасылар үшін ерекше шеберлік сағаты өтті
Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйел өлі табылды
Астанада 16 маусымда қай көшелер жабылады?
Атырауда төрт жасар бала 10-қабаттан құлап кетті
Шілдеде қазақстандықтар неше күн демалады?