"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі

"Қазақстан халқына" қоры еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі. Бұл қаражат үй салуға жұмсалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бұл туралы фондтың Telegram-арнасында жазылды. Ақпаратқа қарағанда, 31 наурызында "Қазақстан халқына" Қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі өткен. “Тұжырымдамаға сәйкес Қордың мақсаттарының бірі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету болып табылады. Осыған байланысты Қор Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсететін болады”, – делінген ақпаратта. Қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі талабы жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеріс жүргізуі және тиісті сараптама ұйымдарының ауылдық тұрғын үйді жарамсыз деп тану фактісі болып табылады. “Сондай-ақ, Қор тарапынан 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көрсетілген қайырымдылық көмек тәжірибесіне сүйеніп, ауылдық елді мекендердегі су тасқынынан зардап шеккен осындай 200 үй салуға болады деп пайымдайды. "Қазақстан халқына" қоры ҚР Президенті Қ. Тоқаев пен Қазақстан үкіметінің су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық шараларын қолдайды”, – делінген мәліметте.

Читать источник astanatv.kz/kz/
 Мәди Хасейн «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды
Аслан Әділ «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Астанада 1 200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова салмақ тастау әдісімен бөлісті (ВИДЕО)
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова артық салмақтан қалай құтылған (ВИДЕО)
«Пікірімді ешкім сұраған жоқ»: Черчесов отставка туралы айтты
Ресейде Қазақстанның 9 азаматы ірі жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты
Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Астанада 1200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Бурабайда 2024 жылы демалған туристер саны бір миллионнан асады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістандық жол сақшылары жүргізушілерді мұқият болуға шақырды
Астанада он алтыншы «жайлы мектеп» ашылды (ВИДЕО)