Әлеуметтік статистика бойынша Қазақстан халқының жартысынан азы құқық қорғау органдарына сенетінін айтқан, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.Сыбайлас жемқорлық қызметіне сенуге болады дейтіндер саны 29,2%. Полиция органдарына сенетіндер саны 39,5% болса, экономикалық тергеу қызметіне сенетіндер саны тіпті төмен, 24,9% ғана екен. Ал прокуратура қызметіне сенетін қазақстандықтар саны 44%.