Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 19 765 004 адам, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам, деп хабарлайды Zakon.kz.12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың адам (2021 жылы 450,7 мың адам) дүниеге келді , оның 208 мыңы – ұл балалар, 195,5 мыңы – қыз балалар. Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,28 құрады. 134,7 мың адам - қайтыс болған, бұл ретте 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті -6,77. Жалпы, бір жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 268,8 мың адамды құрады (263 мың – 2020 ж., 267 мың – 2021 ж.). Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан (27,23) облыстарында және Шымкент қаласында (26,34) байқалады. Ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,84), Шығыс Қазақстан (11,71) және Қостанай облыстарында (10,82) байқалады, бұл осы облыс халқының жас құрылымымен байланысты.12 айда 1 жасқа дейінгі 3 215 нәресте қайтыс болды. 2022 жылы 128,5 мың неке тіркеліп, 2021 жылғы 12 аймен салыстырғанда неке саны 8,4%-ға төмендеді. Неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда- 6,46. Сонымен қатар, 17,7 мың ажырасу фактісі тіркелді, бұл 2021 жылғы деңгейден 8,1%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда -0,89.