Қазақстан Халық партиясы Алматыда бейбіт шеру өткізді. Демалыс алаңында ұйымдастырылған шараға 500-ге жуық адам қатысты.Саяси ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жиналғандарға партияның сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, флешмоб биледі. Сонымен қатар мегаполистегі түйіні көп мәселелердің шешу жолдарын талқылады. Оңтүстік шаһар іскерлік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде қарқынды дамып келеді. Кандидаттар оның болашақ келбетін жоспарлайтын мекемелердің біріне барды. Осы мамандар қаланың тарихи ғимараттар мен үйлерін сақтай отырып, оған заманауи кескін берудің түрлі нұсқасын жобалайды. Мекемеде 70 адам жұмыс істейді. Партиялықтар оларға өздерінің бағдарламасы туралы айтып, тілегін тыңдады. Алуа КЕТЕГЕНОВА, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ МҮШЕСІ: Партияның Алматы қалалық филиалы саяси науқан басталғалы 200-ден астам іс-шара өткізді. Оған 25 мың адам қатысты. Мақсатымыз - сайлаушыларға өз бағдарламамызды қарапайым тілмен жеткізу. Сол үшін түрлі сала өкілдерімен кездесу ұйымдастырылуда.