Қазақстан Халық партиясы аймақтардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы саяси науқан басталғалы кандидаттар екі мыңнан астам осындай іс-шара өткізген.Ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев бастаған топ Павлодарда еңбек ұжымдарымен жолықты. Солардың бірі – күйдірілген мұнай коксын өндіретін зауыт. 2 мыңнан аса жиынға 17 облыс пен республикалық маңызға ие 3 қаланың 600 мың тұрғыны қатысыпты. Үміткерлер оларға партияның бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, аймақтарды дамыту бойынша халықты толғандырған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Айта кетейік Қазақстан халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына 66, ал мәслихаттардағы мандатқа 500-ге жуық үміткер ұсынылған. Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ: Мен тұрған Павлодардағы мұнай коксын өндіретін кешен өңірдің, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Жұмысшылардың еңбек жағдайымен таныстық. Қаладағы басқа да бизнес өкілдері, қоғам белсенділерімен кездесіп, түрлі ұсыныстар тыңдалды.