"Қазақстан Халық Партиясы" Атырау мұнай өңдеу зауытының тыныс-тіршілігімен танысып, еңбек ұжымымен жолықты. Саяси науқанның мән-маңызын түсіндірді.Бүгінде мұнда 4 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр. Осы мамандар күшімен кәсіпорын мұнайды өңдей отырып бензин, дизель, сұйытылған газ сияқты 20-дан астам өнім түрін шығарады. Жиын барысында кандидаттар тұғырнаманың басым бағыттарын атап өтті. Гүлсім БИТАШЕВА, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ МҮШЕСІ: Қазақстан халық партиясының үміткерлері тұрғындармен кездесіп өздерінің алға қойған мақсаттарын, партияның бағдарламасын түгелімен таныстырып ауыл-аймақтың бәрін аралап келе жатырмыз.