«Қазақстан Халық Партиясы» нан және тоқаш өнімдерін шығаратын фабрикада болды. Жұмысшылармен кездесіп, алдағы саяси науқанның маңызын түсіндірді.Ақтауда орналасқан 30 жылдық тарихы бар фабрикада қазірде 200ден астам жұмысшы қызмет етеді. Осы ұжымның күшімен тәулігіне 15 тоннаға дейін өнім өндіріледі. Партия өкілдері еңбек ұжымын тұғырнамамен таныстырып, мамандардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сондай-ақ штаб мүшелері мұнайшылар, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйым өкілдері және қаладағы белсенді азаматтармен де кездесу ұйымдастырды. Алқажан ЕДІЛХАН, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ МҮШЕСІ: Өз жұмысымызды Жаңаөзен қаласынан бастадық. Шетпеде болдық. Негізінен ауылшаруашылық ауданы. Ақкент қаласында болдық. Негізінен бір кездегі үлкен балықшылар мекені. Партияның бағдарламасымен таныстырдық. Ендігі жоспарымыз мұнайшыларды тағыда көбірек қамту.