Қазақстан халық партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Жетісу жерінде жалғасыруда. Бұл жолы кандидаттар Талдықорғандағы тіл сарайының ұжымымен кездесті.Жылына 2000-ға жуық адам оқытатын институт ересектер үшін ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде тегін курстар өткізеді. Саяси ұйым мүшелері орталық қызметкерлеріне партия ұсынып отырған реформалар туралы жан-жақты түсіндірді. Сайлаушылардың тілектерін тыңдады. Жиын барысында қаладағы өзекті мәселелер көтеріліп, оны шешу бойынша пікір алмасты. Сәнболат СОЛТАНМАХМЕТ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ МҮШЕСІ: 8 аудан, екі қаланы қамтыдық, кездесулер өткіздік. Осылайша облыстың бүкіл аумағын қамтып, халық партиясының бағдарламасын түсіндірдік.