"Көпбалалы және ерекше қамқорлықты қажет ететін бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау аясын кеңейту". Бұл - Қазақстан Халық партиясының Астанада өткен Аналар құрылтайында көтерген мәселесі. Штаб күнтізбелік жоспар бойынша еңбек ұжымдарымен, тұрғындармен кездесулер өткізеді деп күтілуде. Алдағы бір ай ішінде ірі қалалар мен аудан және ауылдық жерлерде 3 мыңға жуық шара өткізу жоспарланған.Саяси ұйым өз бағдарламасында әлеуметтік салаға басымдық берген. Құжатта алтын құрсақты аналардың мәртебесін нығайту, бала тәрбиесі, тұрғын үй, жаңа жұмыс орындарын құру туралы айтылған. Сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптамалардың жұмысын қайта қарау да назардан тыс қалмады. Жиынға қатысушылар ұсыныстарын ортаға салды. Соған сәйкес тұшымды жауап алып, пікір алмасты. Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Әрине, елімізде көпбалалы аналарға көңіл бөлініп келеді. Бұл істі жетілдіре түсуіміз маңызды. Жалпы отбасы – қазақ қоғамының асыл құндылығы екенін әрқашан жадымызда ұстауымыз қажет. Бәріміз сол алтын ұядан шықтық. Сондықтан саяси өмірімізде көпбалалы аналар басты назарда болуы тиіс.