Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Будапештте бірінші дивизионның А тобындағы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Аустриядан жеңілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Кездесудің негізгі уақыты 6:6 есебімен аяқталды. Овертаймда командалар кім мықтыны анықтай алмағанымен, буллитте аустриялықтар жеңіске жетті – 2:1.Жеңіліске қарамастан, Сергей Старыгиннің шәкірттері 13 ұпаймен турнирді бірінші орында аяқтап, элитаға шықты. Олардан кейін Дания (9), Франция (9), Аустрия (8), Венгрия (4) және Жапония (2) тұр.Қазақстандықтар топтық кезеңде Венгрияны (5:2), Данияны (3:2), Францияны (4:0) және Жапонияны (3:1) ұтты.