Қазақстан интернет сапасы жағынан әлемде 155-ші орында

Елімізде ұялы байланыс қызметі қымбаттады. Бұл соңғы 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро. Бір айда 6,2 пайыз өскен. Бірақ, интернет сапасы көңіл көншітпейді дейді қала тұрғындары. Елімізде ұялы байланыс қызметінің ақысы жыл сайын өседі. Алайда баға қанша шарықтаса да, сапасы жақсы деп айту қиын дейді тұрғындар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: -  Өте жай жұмыс жасайды. Мысалға, мен билайынды қолданамын көп жерлерде сеть ұстамайды интернет жай ұстайды. -  Бағасы өте шарықтап кеткен. Жасөспірімдерге біз секілді студенттерге өте қымбат болады. -  Интернет бағасы өте қымбат. Бізге өте қымбат болып жатыр. Ал сала мамандары интернет сапасының нашарлап жатқанына халықтың өзі кінәлі дейді. Себебі тұрғын үйлерде арнайы база құруға көпшілігі рұқсат бермейтін көрінеді. Медет ТҰРДАЛИЕВ, IT МАМАНЫ:Базалық станциялардың санының көбеюуіне біз кедерге болмауымыз қажет. Біздің аулаларымызға үйімізге қоюуына кедергі болмауымыз қажет себебі бұл біздің интернетіміздің сапасының көтерілуіне себеп болады. Жауаптылар ғаламтор сапасын жақсарту үшін былтыр қолжетімді интернет жобасын бастағандығын айтады. Азамат СЕРІКБАЕВ, ҚР ЦДИАӨМ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:Интернет бүгінгі таңда қолжетімділігі жетпей тұрған ауыл елдерге алыс мекендерге секундына 100 мега битке дейін тарату мақсат қойылған. Бұл жоба 2024 жылдан 2027 жылға дейін жүзеге асатын болады. Жоба аясында 1,5 трлн инвестициялар келеді. Цифрлық даму министрілігі сапасыз интернет үшін ұялы байланыс операторларына бұрын 100 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салса, енді ол 1000 айлық есептік көрсеткішке жетті. Былтыр 782 рет тексеріс жүргізген. Соның нәтижесінде 3 млрд 200 мың тг көлемінде айыппұл салынған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Роналду тарихи жетістікті бағындырды
Мақат тұрғындары пойыздан 20 тонна алюминий ұрлаған
Заң және тәртіп: қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың халықаралық тәжірибесі
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды