Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Виктория Бутолина батут гимнастикасынан жарыста үшінші орын алды.Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, финалда өнер көрсеткені үшін ол 52,600 ұпай алды. Алтын медальді қытайлық Сюэйин Чжу жеңіп алды – 56,720 ұпай. Екінші орынды Йичэн Ху (ҚХР) иеленді - 55,790 ұпай. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында қазір 37 медаль бар.