Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан алғашқы команда анықталды.Қазақстан кубогының 1/8 финалының қарымта ойындары 29 және 30 сәуірге белгіленген. Алғашқы кездесуде көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдады. Екі команда арасындағы бірінші ойында қарағандылық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан жарысты жалғастыратын команда бүгінгі кездесуде анықталуы мүмкін еді. Командалар ойын басынан шабуылға көшті. Қарағандылық клуб 32-минутқа дейін үш гол соғып кетті. Алдымен 6-минутта Тимур Чогадзе есеп ашса, одан кейін Юрий Перцух 12, Иван Свиридов 15-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 32-минутта көкшетаулық Алексей Татаев автогол авторы атанса, 93-минутта Айдос Тәттібаев қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Шахтер» қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды. Сондай-ақ, бүгін, 29 сәуірде «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Атырау» - «Ақтөбе» шеберлік байқасады. Ал 30 сәуірде «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Тобыл» (Қостанай), «Тұран» (Түркістан) мен «Каспий» (Ақтау), «Ақжайық» (Орал) пен «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» жасыл алаңға шығады.