Конкурдан Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы екі күміс медаль алды.Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін командалық маршрут саналатын Ұлттар кубогы сапында Ксения Баталова, Ержан Мағжаев, Ясмин Ибрагимова және Шыңғыс Маликаждар сынды спортшылар бар Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.Бұл сында Өзбекстан командасы жеңімпаз атанса, Қырғызстаннан келген шабандоздар үштікті түйіндеді.Ал жеке жарыстар сайысында кедергілерді еңсеруде N6 бағдарында Ұлттық құрама спортшысы Ясмин Ибрагимова күміс жүлде жеңіп алды. Ол 130 см биіктіктегі кедергілерді Quattro VDB лақап атты жылқымен жүріп өтті.Айта кетейік, әлем кубогы кезеңіне барлығы 50 спортшы қатысып жатыр.