Америка құрама штаттарының Қазақстандағы елшісі Дэниэл Розенблюм екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу неге кешеуілдеп жатқанын айтты, - деп жазды KAZINFORM«Біз тікелей рейс ашуды қалайтын едік. Ол идеяны қолдаймыз. Бірақ өкінішке қарай, бұл – өте күрделі процесс. Әуе компанияларының талапқа сәйкес келетін борттары болу керек. Ал Air Astana-да әзірге ондай борттар жоқ. Қазір сатып алумен айналысып жатыр. Ол біраз уақыт алады», - деді ол инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Дипломат тікелей рейс ашу процесінің жылдамдығы АҚШ-тың авиация органдары өткізетін тексерулерге де байланысты екенін айтты. Сондай-ақ, біздің (АҚШ тарабының – ред.) АҚШ федералдық авиация әкімшілігі сияқты органдары өткізетін тексерулер мен өзге де көптеген процестер бар. Бұл мәселе Үкіметпен өтетін кездесулерде жиі көтеріледі. Өкінішке қарай, биыл болмайды. Шамалап айтсақ, 2025 жылы болуы мүмкін», - деді елші.