Қазақстан мен Армения қарым-қатынасын дамытудың әлеуеті зор – Президенттің сұхбаты

Қазақстан мен Армения қарым-қатынасын дамытудың әлеуеті зор – Президенттің сұхбаты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасына ресми сапары қарсаңында Арменпресс АА-ға берген эксклюзивті сұхбатында екі елдің ынтымақтастығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.Қасым-Жомарт Тоқаев армян агенттігіне берген сұхбатында Армения мен Қазақстан арасындағы достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылған күннен бергі 25 жылды атаулы күндер тұрғысынан да, мазмұнды толықтыру тұрғысынан да екіжақты қатынастар үшін ерекше және символдық деп атап өтті. «1999 жылы Қазақстан мен Армения қабылдаған негіз болатын мемлекетаралық құжат - Достық пен ынтымақтастық туралы шарт қазақ-армян көп қырлы қарым-қатынастарының сенімді іргетасын қалады. Осы жылдар ішінде біз оның ережелерін қатаң ұстандық, елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы байланыстарды жан-жақты кеңейтіп, тереңдетіп отырдық. Қазіргі кезеңде Астана мен Ереванның қарым-қатынасы ашық саяси диалогпен, сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықтың серпінді өсуімен, жан-жақты дамыған мәдени-гуманитарлық байланыстармен сипатталады», - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысының айтуынша Қазақстан да, Армения да әлемдік аренада бірлесіп жұмыс істеудің оң тәжірибесін жинақтаған. «Әртүрлі халықаралық институттарға ұсыну кезінде біздің бастамаларымыз бен кандидатураларымызға өзара қолдау көрсетіледі. БҰҰ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ сияқты көпжақты алаңдар аясында тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық одақтағы армян төрағалығына табыс тілеймін», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Қазақстан басшысы жүйелі негізде дамып келе жатқан парламентаралық әріптестікті атап өтті. «Үкіметаралық деңгейде өзара іс-қимыл қарқынды жүзеге асырылуда. Шарттық-құқықтық база біртіндеп кеңейіп келеді. Арменияға алдағы сапарым барысында біз бірқатар жаңа құжатты қабылдаймыз. Қазақстан мен Армения қатынастарының базалық негізі сауда-экономикалық ынтымақтастық саналады. Соңғы бес жылда өзара сауда 3,5 есе өсті. 2023 жылы тауар айналымы 23 пайызға артты. Әрине, сауда көлемі біздің әлеуетімізге сәйкес келмейді. Бірақ бұған елдер арасындағы күрделі көлік-логистикасымен байланысты объективті себептер бар. Дегенмен, экспорттық-импорттық мүмкіндіктер өзара сауданы айтарлықтай кеңейту үшін тауашалардың бар екендігін көрсетеді. Жақында Ереванда Қазақстан мен Армения кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен бизнес-форум осыны айқын көрсетті», - деді Президент. Мемлекет басшысы атап өткендей, екі елдің іскерлік ынтымақтастығы мен туризмін дамытуға 2023 жылы «Ақтау-Ереван-Ақтау» бағыты бойынша тікелей рейстердің ашылуы ықпал етеді. «Бұған қоса, қызметтік және іскерлік сапарларды ұлғайту жөніндегі жоспарларымыз екі астана арасында тікелей әуе қатынасын орнатуды талап етеді. Өнерді, спортты, туризмді, білім беруді, денсаулық сақтауды және тағы басқаларын қамтитын мәдени-гуманитарлық сала практикалық мазмұнға толы. Жалпы, достық, сенім мен өзара түсіністікке негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарының деңгейі екі халықтың мүддесіне сай келеді», - деді ол. Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі таңда еліміз жалпы сомасы 350 млн долларға шикізаттық және дайын ассортименттегі тауарлардың 70 атауы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын екенін айтты. Бұл - металлургия, мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларының өнімдері. 2011 жылға дейін бидай Арменияға қазақ экспортының жетекші баптарының бірі болғанын ескере келе, Қазақстан Президенті Арменияның ірі сауда желілеріне бидай мен басқа да азық-түлік өнімдерін жеткізуді қайта бастауды ұсынды. «Өнеркәсіптік кооперация да перспективалы саналады. Біз үшін елдерімізді байланыстыратын бірлескен жобалар құру маңызды. Біздің инвестициялық ынтымақтастығымыз қарқынды даму мен ілгерілеуге мұқтаж. Бүгінде Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Шетелдік инвестицияларды қолдау үшін барлық қажетті құрал жасалды. Сондай-ақ цифрландыру саласында үлкен мүмкіндіктерді атап өтеміз. Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі ірі цифрлық хабтардың біріне айналу үшін мақсатты саясат жүргізіп келеді. Тек соңғы 3 жылда біздің IT-қызметтеріміздің экспорты 3 есеге өсіп, 500 млн долларға жетті. 2026 жылға қарай ол кем дегенде 1 миллиард долларға жетуі керек», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Транскаспий халықаралық көлік бағытын перспективалы көлік жобаларының бірі деп атады. «Еуразия орталығында оңтайлы географиялық орналасуының арқасында Қазақстан континенттік көлік архитектурасындағы маңызды буын саналады. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүктерді тасымалдау 2023 жылы 65 пайызға - 2,8 млн тоннаға дейін ұлғайды. Оның ішінде қазақстандық өнімнің экспорты 2,5 есеге артты. Экспортпен қатар импорттық жүк ағынының да өсуі байқалады. Бұл өз кезегінде еуропалық компаниялардың Транскаспий бағытына қызығушылығын көрсетеді. Өткен жылы Қазақстанның, Әзірбайжанның және Грузияның теміржол әкімшіліктері "бірыңғай терезе" қағидаты бойынша логистикалық сервисті жолға қою, тарифтік саясатты біріздендіру және Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Middle Corridor multimodal Ltd бірлескен кәсіпорнын құрды. Қазіргі уақытта Еуропаның бірқатар елі осы бағытқа қосылуға ниет білдірді, ал кейбіреулері бұл жұмысты жүргізіп те жатыр. Осыған байланысты Оңтүстік Кавказдың Еуразияның көлік жүйесіндегі маңызы едәуір артты. Сондықтан армян тарапының «бейбітшілік қиылысы» жобасы жаңа көлік идеясы ретінде оның өзара байланысты өңірлік логистикалық құрылымға қосылуы тұрғысынан назар аударуға және жан-жақты зерттеуге лайық», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан мен Армения арасындағы тасымалдар бүгінде негізінен автомобиль көлігімен жүзеге асырылатынын, бұл біздің мүмкіндіктерімізді айтарлықтай шектейтінін атап өтті. Осыған орай, оның айтуынша, өңірде жаңа бағдарларды ілгерілету екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың өсуіне ықпал ететіні сөзсіз. «Мен қазіргі халықаралық құқық бетпе-бет келіп отырған мәселелер туралы өз ұстанымымды бірнеше рет айттым. Қазақстан БҰҰ Жарғысында қамтылған халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарға өзінің қағидаттық ұстанымын үнемі сақтап келеді. Бұл тұрғыда БҰҰ-ның халықаралық істердегі және бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы орталық рөлі Қазақстан үшін баламасыз болып қала береді. Қазіргі заманғы жаһандық қауіпсіздік архитектурасы бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болды. Халықаралық құқық қағидаттарының өсіп келе жатқан блокадасы, геосаяси бөлшектенуі және бұлыңғырлануы сенімсіздік дағдарысын күшейтіп, халықаралық институттардың рөлі мен беделіне нұқсан келтіреді. Негізгі көпжақты келісімдерді сақтамау, тоқтата тұру және одан шығу тәжірибесі аса алаңдаушылық туғызады. Өйткені бұл қайтымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін», - деді Мемлекет басшысы. Президент әркім бейбітшілікке жету жолын өзінше қабылдап, өзіндік бейбітшілік моделін басқалардың мүдделеріне қарамай алға жылжытқанда, бұл шиеленіс көзіне айналады деп сендіреді. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев кез келген, оның ішінде мемлекеттердің аумақтық тұтастығына қатысты қайшылықтарды тек БҰҰ Жарғысының нормалары мен қағидаттарына сәйкес саяси-дипломатиялық диалог арқылы шешу қажет екендігіне нық сенімді. «БҰҰ аясында қалыптасқан құндылықтар жүйесі әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін эталон болып қала беруі керек. Қазақстан халықаралық істерде әділдікке, бейбітшілікке, ынтымақтастыққа және мемлекеттердің тең құқығына негізделген шешімдерге ортақ ұмтылысты бөліседі. Осы тұрғыда біз "әділ бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік туралы" бастаманы ілгерілетіп, барлық серіктестеріміздің қолдауына сенеміз. Қазіргі кезеңде мемлекеттердің ұжымдық күш-жігері, дана, жоғары кәсіби дипломатия ғана әлемде ұзақ мерзімді тұрақтылыққа және жалпыға бірдей прогреске, БҰҰ Жарғысы негізінде халықаралық қатынастардың әділ жүйесін құруға алып келетініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ ол Астанада бітімгершілік қызметке қатысты жаңа бастамалар болу мүмкіндігіне қатысты пікірімен бөлісті. «Сізді қызықтыратын жаңа бастамаларға келетін болсақ, онда мұнда Армения-Әзербайжан қатынастарын реттеу төңірегіндегі ахуал туралы мәселе туындайды. Әрине, Қазақстан бұл тақырыпқа бей-жай қарамайды. Біз үшін достас екі мемлекет арасында бейбітшілік шартының тез арада жасалуына мүдделіміз. Ереван мен Баку арасында берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату біздің еліміздің мүддесіне сай келеді. Бітімгершілік бастамалардың бастамашысы және жақтаушысы ретінде Қазақстан өңіріміздің бейбіт және тұрақты дамуына бағытталған кез келген күш-жігерді қолдауға дайын», - деп жауап берді Президент. Ол сондай-ақ Ереванға алдағы сапары барысында Қазақстан мен Арменияның уәкілетті министрліктері дене шынықтыру және спорт саласындағы 2024-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қоятынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени, студенттік, спорттық делегациялармен алмасу біздің халықтарымызды жақындастыру, азаматтар арасында байланыс пен достық орнату, туризмді дамыту үшін маңызды тұғырнама болуға тиіс екенін атап өтті. «Армян қауымы қазақстандық қоғамның ажырамас бөлігі саналады әрі Қазақстанның этникалық палитрасында ерекше орын алады. Біздің елде армян халқының 20 мыңнан астам өкілі тұрады. Армяндардың 31 этномәдени бірлестігі жұмыс істейді. Олардың қызметі ұлттық мәдениетті, тілді, дәстүрлер мен тарихты насихаттауға бағытталған. Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі - бұл елімізді әлемге танытатын маңызды өлшемдердің бірі. Қазақстан 130 этнос пен 17 діни конфессияның ортақ үйіне айналды. Осындай алуантүрлілікпен Қазақстан этносаралық бірліктің бірегей моделін әзірледі және бұл әртүрлілікті қоғамның пайдасына айналдыра алды», - деді ҚР Президенті.

«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
  • sport12.kz
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
  • el.kz
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
  • el.kz
  Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
  • aikyn
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • baq.kz
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
  • aqshamnews
  «Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
  • aikyn
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
  • el.kz
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
  • Massaget
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
  • qaz365.kz
  Оққағарлар
Оққағарлар
  • aikyn
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
  • bassport.kz
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
  • el.kz
  Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
  • aikyn
  Көркемдік  жетекші және оның жаңа жобасы
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
  • aikyn
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
  • aqshamnews
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
  • 1bol.kz
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
  • aqshamnews
  Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
  • aikyn
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
  • Massaget
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
  • 1bol.kz
  Мұртыңды ұрайын...
Мұртыңды ұрайын...
  • aikyn
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
  • baq.kz
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты
  • bugin.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
  • sport12.kz
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
  • sport12.kz
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
  • sport12.kz
«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды
«Дикий Арманға» сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды
  • qaz365.kz
Шерзаттың әкесінің соты: апелляция шешімі шықты
Шерзаттың әкесінің соты: апелляция шешімі шықты
  • qaz365.kz
Алматы облысының әкімі Талғардағы “Хутор“ қылмыстық тобы туралы қауесетке жауап берді: 13 желтоқсан 2024, 15:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматы облысының әкімі Талғардағы “Хутор“ қылмыстық тобы туралы қауесетке жауап берді: 13 желтоқсан 2024, 15:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды
Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды
  • penalty
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Жетісу облысындағы ауылға барды: 13 желтоқсан 2024, 12:41 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Жетісу облысындағы ауылға барды: 13 желтоқсан 2024, 12:41 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“Есірткі тастап кетемін“. Сот көршілердің жанжалы бойынша шешім шығарды: 13 желтоқсан 2024, 12:05 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“Есірткі тастап кетемін“. Сот көршілердің жанжалы бойынша шешім шығарды: 13 желтоқсан 2024, 12:05 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты жайып салды
  • sn.kz
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен сөз байласқан ба? (ВИДЕО)
Салтанат Нүкенованың ағасы экс-депутаттың қызымен сөз байласқан ба? (ВИДЕО)
  • sn.kz
Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • qaz365.kz
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
  • turkystan
«Мен — өмірдегі ең сұлу әйелмін»: Мәдина Садуақасов желіде әдемі суреттерін бөлісті
«Мен — өмірдегі ең сұлу әйелмін»: Мәдина Садуақасов желіде әдемі суреттерін бөлісті
  • turkystan
Алматыда жас ғалымдарға пәтер сертификаттары табысталды
Алматыда жас ғалымдарға пәтер сертификаттары табысталды
  • almaty_tv
Жолдағы қауіпсіздік: жолаушы тасымалдайтын жүргізушілерге қандай тыйым салынады
Жолдағы қауіпсіздік: жолаушы тасымалдайтын жүргізушілерге қандай тыйым салынады
  • almaty_tv