Қазақстан мен Ауғанстан кәсіпкерлері 190 млн долларға келісімшарт жасасты

Астанадағы Қазақстан-Ауғанстан іскерлік форумы аясында жалпы сомасы 190,8 млн долларды құрайтын экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.«Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ұн мен өсімдік майын жеткізуге барлығы 15 шарт, сондай-ақ Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы (Қазақстан) мен Май дилерлерінің Балх одағы (Ауғанстан) арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды», - делінген аталған форумнан кейін таратылған мәліметте. Атап айтқанда, Ауғанстан - Қазақстанның өсімдік майын алып жүрген ең ірі импорттаушылардың бестігіне кіреді. Бұл тұрғыда бүгінгі форум алаңында қол жеткізілген уағдаластықтар осы бағыттағы сауда көлемін арттыруға ықпал етеді. Қол қойылған құжаттардың жалпы санының 9-ы май тасымалдау бойынша шарттарды қамтып тұр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 3 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін. Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы іс жүзінде 1 млрд АҚШ доллары (987,9 млн. АҚШ долл.) белгісіне жетіп, 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе өсті. Тауар айналымының 90% қазақстандық экспортқа, негізінен өңделген өнімге тиесілі. Елдер арасындағы сауда биылғы 6 айда 343,6 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан экспорты 334,5 млн долларға жетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты