Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Физули қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының екінші күні Ильхам Әлиевпен бірге Физули қаласындағы қираған жерлерді аралап көріп, шаһарды дамытуға арналған бас жоспармен танысты. Мемлекеттер басшыларына қаланы және оның төңірегіндегі аумақтарды қайта қалпына келтіру үшін қолға алынған шаралар туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ шаһардың жаңа келбеті: келешек әкімшілік орталықтың, саябақтың және басқа да маңызды нысандардың эскиздері мен жобалары көрсетілді. Бұдан бөлек, екі ел президенттеріне қазіргі уақытта қалада ауқымды құрылыс және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды. Былтыр мамыр айында қала ішіндегі көшелер мен жолдар желісінің негізі қаланып, ауызсумен қамтамасыз ету, кәріз және жауын суының ағып кету жүйесін тарту жұмыстары басталған. Сондай-ақ цифрлық қосалқы станция мен «Физули» басқару орталығы іске қосылған. Сонымен қатар бір мезгілде әкімшілік ғимараттардың, коммуналдық үй-жайлардың, тұрғын үй кварталының құрылысы басталған. Қазір Физулиде 38 көпқабатты ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбе облысының жаңа прокуроры тағайындалды
Қазақстан қоғамы менің кейіпкерімді жек көрді – Мұхтар Мағауин
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды