«Қазақстан мен Франция арасындағы байланыс энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді», - сарапшы

Франция сауда-саттықтың 90 процентін Қазақстанмен жасайды. Бұл екі мемлекет арасындағы байланыстың мығым екенін көрсетеді. Сарапшылар осылай деп пікір білдірді. Қос тарап бүгінгі кездесуде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге уағдаласты. Яғни, серіктестікті нығайту арқылы француздарға уран экспорттап, өзімізге инвестиция тарта аламыз. Франция – Қазақстанның ірі серіктесі. Биыл тауар айналымы 2,7 млрд долларға жетті. Демек, өсім – 20%. Екі ел арасындағы энергетика, көлік және өнеркәсіп секторы жақсы дамыған, - дейді сарапшылар. Бұдан басқа салаларда да ынтымақтастық артып келеді. Мәселен, осыдан 2 жыл бұрын қос тарап 2030 жылға дейін ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласын жетілдіретін Жол картасына қол қойды. Мамандар алдағы уақытта дәл осындай бірлескен жобалардың көбейетініне сенімді. Ермек АБДУРАСҰЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ: 18 млрд доллармен санағанда сондай инвестиция болды Франциядан Қазақстанға. Бұл өте үлкен қаражат деп ойлаймын. Барлық өндіріске, құрылыс жағынан, медицинаға, энергияға инвестициялар құйылып жатыр. Сол үшін қарым-қатынас өте тығыз. Франция Африка құрлығынан экспортты тоқтатқан. Сондықтан қазір бұл мемлекетке уран ауадай қажет. Сарапшылар біз француздарға шикізат берсек, олар бізді технологиямен қарық қылады, - дейді. Осы арқылы инвестиция тартуға мүмкіндік көп. Ғазиз ӘБІШОВ, САЯСАТТАНУШЫ: Африкада қазір жағдай қиын болып жатыр Франция үшін. Сол үшін ол қазір альнернативті балама ресурстар іздеп жатыр. Әрине мұндай ресурстан Канада, Австралия мен Қытайда бар. Бірақ олар өзіне сақтап жатыр. Қытай Батысқа жібермейді металлдарды және уранды. Ал Автралия өзіне сақтайды. Сондықтан Қазақстанда әлі де ядролық станция жоқ. Біз оны сатамыз. Францияның ақшасы бар. Ол оны төлеуге дайын. Қазақстан мен Франция арасындағы байланысты нығайту арқылы Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Америкалық саясаттанушы Майкл Росси осылай дейді. Саясаттанушы қос тараптың кездесуі Орталық Азия аумағындағы геосаяси тепе-теңдікті қалыптастыратынын айтады. Майкл РОССИ, НЬЮ-ДЖЕРСИ РАТГЕРС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Қазақстанда уранның қоры жеткілікті. Бұл мемлекетті әлемдегі ең ірі өндіруші деуге болады. Франциядағы электр энергиясының 70% атом энергетикасы есебінен өндіріледі. Серіктестікті арттыру арқылы Францияны уранмен қамтамасыз етуге болады. Майкл Россидің пікірін франциялық журналист Режис Жанте де қоштайды. Ол өз мақаласында Қазақстанның жер қойнауы өте бай екенін жазған. Еліміздің әлеуеті жаңартылатын энергия көздерін дамытуға жетеді, - дейді. Режис ЖАНТЕ, ФРАНЦИЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ: Эммануэль Макронның сапары екі елдің байланысын арттырады. Көлік және коммуникация саласындағы әріптестік дамиды. Қос тарап кездесуде энергетика, азық-түлік саласына баса назар аударды. Франция Президентінің Қазақстанға жасаған сапарының тағы бір мақсаты - 2008 жылы қол қойылған стратегиялық әріптестікті дамыту. Франция мен Қазақстан арасында алғашқы дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнаған. 2008 және 2010 жылы стратегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды. Осыдан кейін қарым-қатынас жандана түсті. Ресми сапарлар тұрақты сипатқа ие болды. 2021 жылы Сыртқы істер министрліктері арасында жыл сайынғы консультациялар құру туралы шешім қабылданды. Жалпы, Француз көшбасшылары елімізге төрт рет келді. Нақтырақ, 1993 жылы Франсуа Миттеран, 2009 жылы Николя Саркози, 2014 жылы Франсу Олланд және бүгін Эмманюэль Макрон табан тіреді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты