Қазақстан мен Қырғызстан Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге келді

Қазақстан мен Қырғызстан Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге келді

Қазақстан мен Қырғызстан Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы тарихи келісімге келді. Маңызды құжатқа Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Ақордадағы кездесуі барысында қол қойылды. Екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, сан алуан салалардағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Бауырлас ел Президентінің Қазақстанға жасаған ресми сапары несімен есте қалды? Тілшіміз тарқатсын.Қасым -Жомарт Тоқаев мәртебелі қонақты Ақордада салтанатты түрде қарсы алды. Екі ел басшысы бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, кейін екі елдің әнұрандары шырқалды. Бұл сапардың екі тарап үшін де мән-маңызы айрықша екені сөзсіз. Айыр қалпақты ағайындармен саяси - экономикалық, тарихи-мәдени байланысымыз қашан да берік болған. Бүгінде Қазақстан Қырғызстанның жетекші сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің біріне айналды.2023 жылы өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті, яғни, 26 пайызға өсті. Мұндағы қазақстандық экспорттың үлесі - 69%. Жалпы сомасы - 1,1 млрд. доллар. Өсім - 35,8%. Ал көршілес елден келген импорт 9%-ке өскен. Яғни, 495,2 миллион доллар.  Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Мен бұл сапарға ерекше мән беріп отырмын. Қырғызстан біз үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес. Халықтарымыздың мызғымас достығы, ортақ тарихқа және рухани құндылықтарға негізделген. Осындай бастауы бар қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр. Тараптар көлік-логистикалық, су-энергетикалық және агроөнеркәсіп секторындағы мүмкіндіктерді талқылады. Бірлескен кәсіпорындар ашып, ғылыми-зерттеу институттары арасында байланыс орнату қажет деген тоқтамға келді. Осы орайда екі елдің Үкіметіне Жол картасын қабылдауды тапсырды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Бірлескен кәсіпорындар тиімді жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасауға келістік. Осы орайда бүгін Өзара инвестицияларды қорғау жөнінде келісімге қол қойылды. Оған өздеріңіз куә болдыңыздар. Сондай-ақ электронды үкімет жүйесін енгізуге және дамытуға уағдаластық. Сондай-ақ Президент Қазақстан мен Қырғызстан арасында су энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіру маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Соңғы жылдары трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдаланудың өзектілігі арта түсті. Осы орайда өзара үйлесімді жұмысты жалғастырамыз деп келістік. Бұл бағыттағы түйіткелдерді тезірек шешу үшін бірлескен шаралар қабылдау қажет. Сондықтан мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдарының жұмыс кестесін жақын арада бекітуге және оны уақытылы орындауға уағдаластық. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров өз кезегінде Қазақстанмен екіжақты байланыстарды тереңдетуге бағытталған сыртқы саясат жүргізіп отырғанын жеткізді. «Бір-бірімізді қолдап, барлық мәселені бірлесіп шешуіміз қажет»,-деді. Айта кету керек, Қырғызстан - еліміздегі су тасқынымен күреске атсалысып, гуманитарлық көмек жіберген бірден-бір мемлекет. Садыр ЖАПАРОВ, ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Біз құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірге саяси-экономикалық, инвестициялық мәселелерді кеңінен талқыладық. Аймақтағы су-энергетика ресурстарын бірлесе тиімді пайдалану мәселелерін де қарастырдық. Біз бауырлас қазақ халқына су тасқыны салдарынан туындаған қиын кезде қолдан келген көмекті беруге дайынбыз. Екі елді ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, бауырластық, тату көршілік байланыстар, сондай-ақ ортақ мәдени, рухани және діни құндылықтар біріктіреді. Бүгінде қазақ-қырғыз шекарасындағы жүк өткізу мүмкіндігін арттыру үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Еліміз «Қарасу», «Бесағаш», «Аухатты» сынды бірқатар бекетті жаңғыртуға кірісті. Олардың бәріне 2028 жылға дейін цифрлық технология енгізілмек. Данияр ЭРКИНБЕКОВ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:Біздің ынтымақтастығымыз электрондық коммерция бағытында да нығаятын болады. Бұл саладан үлкен үміт күтеміз. Қазір цифрландыру ғасыры деп айтуға болады. Біздің барлық өзара іс-әрекеттеріміз цифрландырумен тікелей байланысты. Оның ішінде екі ел арасындағы онлайн сауда-саттықты, кедендік декларацияны да атап өтуге болады. Сарапшылар Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы шарт көршілес мемлекеттер байланысын одан әрі дамытуға жол ашады деп сенеді. Бауыржан АУКЕН, ҚСЗИ АЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БӨЛІМІНІҢ САРАПШЫСЫ:Одақтастық туралы келісімшарт екі елдің бір-біріне қарама-қайшы саясат ұстануына мүмкіндік бермейді. Яғни, бірлесіп бір-бірінің ұлттық мүдделеріне орай достастық тұрғысынан жүргізілетін саясат. Барлық салалардағы қарым-қатынасты жиілетеді, одан әрі тереңдетеді, кездесулер көбірек болады. Мемлекет басшысы ежелден еншісі бір, тамырлас туысымыз Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесі алтыншы отырысының қорытындысы бойынша 7 маңызды құжатқа қол қойылды. Тараптар алдағы уақытта қазақ-қырғыз қарым-қатынасын жаңа белеске көтеруге уағдаласты.

Алматыда 24 қарашада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
Алматыда 24 қарашада доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
  • almaty_tv
«Талдықорған-Үшарал» газ құбырын салу жоспарлы түрде жалғасуда
«Талдықорған-Үшарал» газ құбырын салу жоспарлы түрде жалғасуда
  • baq.kz
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады
  • baq.kz
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
  • aqshamnews
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
  • aqshamnews
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
  • aqshamnews
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
  • aqshamnews
Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды: 24 қараша 2024, 11:58 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Жамбыл облысында алаяқтық жасады деген күдікпен прокуратура қызметкері ұсталды: 24 қараша 2024, 11:58 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
  • baq.kz
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
  • Massaget
  Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
  • aikyn
Алматылық еріктілер 10 мыңға жуық есірткі жарнамасын жоюға көмектесті
Алматылық еріктілер 10 мыңға жуық есірткі жарнамасын жоюға көмектесті
  • almaty_tv
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
  • baq.kz
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
  • turkystan
  Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
  • aikyn
  Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
  • aikyn
“Астана - Челси“ матчының билеттерін қашан сатып алуға болады?
“Астана - Челси“ матчының билеттерін қашан сатып алуға болады?
  • Massaget
Қазақстандық сейсмологтар бүгін үш рет жер сілкінісін тіркеді
Қазақстандық сейсмологтар бүгін үш рет жер сілкінісін тіркеді
  • arbatmedia.kz
Ақтөбе облысында сарбаз өз-өзіне қол жұмсады
Ақтөбе облысында сарбаз өз-өзіне қол жұмсады
  • el.kz
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
  • Massaget
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады
  • baq.kz
  Ақтөбе облысында жол апаты болды, адам шығыны бар
Ақтөбе облысында жол апаты болды, адам шығыны бар
  • aikyn
Ақтөбеде әскери қызметші қаза тапты
Ақтөбеде әскери қызметші қаза тапты
  • halyq-uni
Әскерге шақырылған сарбаздар Отанға адал болуға ант берді
Әскерге шақырылған сарбаздар Отанға адал болуға ант берді
  • baq.kz
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
  • Smi24
Парадзюдодан Grand Prix: Қазақстан құрамасы алғашқы күні 6 медаль жеңіп алды
Парадзюдодан Grand Prix: Қазақстан құрамасы алғашқы күні 6 медаль жеңіп алды
  • arbatmedia.kz
Бүгіннен бастап «Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Бүгіннен бастап «Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
  • turkystan
«Транс боксшыдан жеңілдім»: Ангелина Лукас неліктен Олимпиадаға бара алмағанын айтты
«Транс боксшыдан жеңілдім»: Ангелина Лукас неліктен Олимпиадаға бара алмағанын айтты
  • 1bol.kz
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз өзіне қол салды
  • qaz365.kz
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
  • penalty
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
  • penalty
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
  • penalty
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
  • TengriNews
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Бүгін танымал актер Бауыржан Ибрагимовтың туған күні
Бүгін танымал актер Бауыржан Ибрагимовтың туған күні
  • sn.kz
«Жылы сөз естімегелі көп болды»: Гүлзира Айдарбекова жұртты ойландырып қойды
«Жылы сөз естімегелі көп болды»: Гүлзира Айдарбекова жұртты ойландырып қойды
  • sn.kz
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
  • el.kz
Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
Заттыбек Көпбосынұлы «Ақмаржан» әнінің авторына құрмет көрсетті
  • sn.kz
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
  • almaty_tv
Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты
  • turkystan
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицидтен көз жұмды
Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицидтен көз жұмды
  • almaty_tv
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
  • halyq-uni