Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастық форумында қандай құжаттарға қол қойылды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Таразда өтіп жатқан Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы I Өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйледі. Бизнес өкілдері екі күн бойы іскерлік әріптестіктің практикалық мәселелерін, ал өңірлер – экономикалық және әлеуметтік дамудың, агроөнеркәсіптік кооперацияның және су-энергетикалық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптарын талқылады. Әлихан Смайылов атап өткендей, форум екі Мемлекет басшыларының Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының өзара іс-қимылының жаңа форматын құру жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. "Бүгінгі форум екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер ашатынына, елдеріміздің өңірлерін жақындастырып, экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін айқындайтынына сенімдімін", - деді ол. Премьер-министр Қырғызстан еліміздің маңызды сауда серіктесі екенін атап өтті. Соңғы жылдары өзара сауда тұрақты түрде өсу қарқынын көрсетіп келеді. 2021 жылдың өзінде-ақ тауар айналымын $1 млрд-қа көтеру мақсатына қол жеткізілді, ал 2022 жылдың қорытындысына сәйкес бұл көрсеткіш тағы 19%-ға артты. "Бүгінгі таңда алдымызда бұдан да ауқымды мақсат – сауда көлемін $2 млрд-қа жеткізу тұр. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Біз оларды белсенді түрде пайдалануымыз қажет", - деді Әлихан Смайылов. Бұл ретте екі ел арасында тиімді инвестициялық өзара іс-қимыл жолға қойылған. 2005 жылдан бері қазақстандық компаниялар Қырғызстан экономикасына шамамен $1,3 млрд инвестиция салса, өткен жылдың өзінде $200 млн-ға жуық инвестиция құйылды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 2,5 есеге көп. "Қазақстанда 3,5 мың бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді, өткен жылдан бері олардың қатарына 200-ге жуық жаңа компания қосылды. Біздің инвестициялық ынтымақтастығымыздың мүмкіндіктері әлдеқайда кең екені сөзсіз және біз бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға мүдделіміз", - деді Премьер-министр. Оның айтуынша, бұл ретте өңірлердің ынтымақтастығы басты рөл атқарады. Қазақстанның екі облысы – Алматы мен Жамбыл ұзындығы шамамен 1200 км мемлекеттік шекара арқылы Қырғызстанның үш облысымен шектеседі. Сонымен қатар бүгінде өңіраралық және шекара маңы сауда қатынастарының түбегейлі жаңа жүйесі құрылып отыр. "Өткен жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға сапары барысында біздің облыстарымыз ынтымақтастықты дамыту туралы алты құжатқа қол қойды. Бүгінгі форум шеңберінде екі тараптың тағы екі облысы арасында бауырластық байланыстар орнатылып отыр", - деді Әлихан Смайылов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын жерде жер сілкінді
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті