Қазақстан мен Қытай ғылым академиялары экология және жер ресурстары мәселелерін зерттейді

Пекинде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы мен Қытай Ғылым академиясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Енді академиялар ауылшаруашылығы, медицина, сондай-ақ ғарыштық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамытатын болады. ҚР ҰҒА вице-президенті Ләззат Ералиеваның айтуынша, бұл келісім болашақта ғарыш, агробиоресурстар, экология және медицина саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді көздейді. - Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтудағы аса маңызды қадам болмақ. Бүгін бұл өзара ынтымақтастық күшейе түсетіні анық, - деді ол. Қазақстан Ғылым академиясы 1946 жылы құрылды. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мемлекеттік мәртебесі қайтарылды. Қытай Ғылым академиясы 1949 жылы құрылған және ҚХР жаратылыстану ғылымдары саласындағы іргелі зерттеулердің жетекші орталығы болып табылады. Оның құрылымына 100-ден астам ғылыми-зерттеу институты мен үш университет кіреді. Бүгінде Қазақстан мен ҚХР мемлекет басшыларының қолдауымен екі елдің арасындағы экономикалық байланыстармен қатар, ғылым-зерттеу ұйымдары мен жоғары білім беру мекемелерінің ынтымақтастық аясы өте жақсы кеңейіп келе жатқаны айқын. Соның бір дәлелі – Қазақстанда Ұлттық ғылым академиясы жанынан «Қазақ-Қытай ғылыми орталығын» құру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, тараптар Ұлы Жібек жолында орналасқан көрші елдердің ауыл шаруашылығы үшін ғылым мен білім саласындағы өзара іс-шараларды үйлестіру мақсатында Су үнемдеу технологияларын енгізу және құрғақшылыққа қарсы күрес ғылыми-зерттеу орталығын құруға уағдаласты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Көлік табылғанмен...": Ертіске батып кеткен көлік судан шығарылды
“Ең кішісі 4 айлық”: өрттен 5 бала ажал құшты
"Қатесін түсінді": Абылайхан Жүсіпов өзін тістеп алған өзбек боксшысына қалай жауап бергенін айтты
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Мәжіліс депутаты Ақмола облысында көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Гүлмира Сатыбалды апелляциялық шағым түсірді: сот не шешті?
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің кінәсі барын тағы айтты
Жас кәсіпкер қымыздан жасайтын балмұздағының сырын ашты
Мемлекет басшысы электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты