2024 жылғы 9-11 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Мемлкеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 9-11 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген мәліметте.