Қазақстан мен Нигерия бірлесіп түсірген «Адам бол» фильмі көрерменге жол тартты

Қазақстан мен Нигерия бірлесіп түсірген «Адам бол» фильмі көрерменге жол тартты. Бұл- Халықаралық деңгейде көрсетілетін алғашқы қазақстандық туынды. Фильм комедиялық экшн жанрында түсірілген. Оқиға желісі бойынша қазақстандық үш жігіт Африкаға кездейсоқ барады. Кейіпкерлер түрлі сынақтарға тап болады, бірақ олар ең бастысы - кез келген жағдайда адам болып қалу керектігін түсінеді.  «Адам бол» фильмі -Қазақстанның Нигериямен, яғни Нолливудпен бірлесіп түсірген толық копродукция. Оның басты тақырыбы– қарапайым адами құндылықтарды сақтау. Қымбат ДОСЖАН БАС ПРОДЮСЕР, ЖУРНАЛИСТ: Атауы айтып тұрғандай адамгершілікке, жақсылыққа адамдардың шынайы дос бола алуы керектігін көрсететін фильм. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас. Бұл жалғыз мемлекетке тән емес бүкіл әлем бойынша шетелдік мемлекетте тұратын адамдардыңда көкейтесті мәселесі деп ойлаймын. Фильмнің сценарийі жарты жыл жазылса, түсірілім жұмыстары небәрі бір айға созылды. Қоғамның ақ пен қарасын қатар баяндайтын бұл туындыдан актерлердің де түйгені мол. Қуаныш ҚҰДАЙБЕРГЕН, АКТЕР: Киноның түсірілім барысы өте бөлек. Өзім үшін көп нәрсе ұқтым. Актерлік жағынан, актерлік шеберлік жағынан жәнеде Африкаға барып келгеннен кейін өзім іштей өзгерістер көп болды. Былайша айтқанда менде Адам болып қайттым деседе болады. Фильмнің 80 пайызы Нигерияда түсірілді. Киноға отандық мамандар мен екі елдің танымал актерлері, продюсерлері, режиссерлері, сценаристері және операторлары атсалысты. Рауан РОМАНИ, АКТЕР: Үлкен тәжірбие алмастық десек те болады. Африкандық әріптесіміз Адам бол фильміндегі рөлі үшін Жыл номинациясы сыйлығымен марапатталды. Бұл барлығымыз үшін үлкен қуаныш. Берілген рөлді жоғары деңгейде сомдап шығу актердің басты міндеті. Фильм ағылшын тіліне де аударылады. Сондай-ақ Netflix Africa және Prime TV танымал платформалары арқылы прокатқа шығады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Мұстафа Өзтүрік: Чемпион болу – оңай, адам болу– қиын
Шымкентте пәтерден зейнеткердің денесі табылды
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
2 млн теңге: Спорт журналистикасының үздіктері қомақты сыйақымен марапатталды
АҚШ долларының құны артты
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды
Дәрігер қарттардың арқасының ауыруының ерекше себебін атады
Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі өмірден өтті
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Михаил Шайдоров Гран-при кезеңінде күміс алды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде күміс алды