Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасы 2,5 есеге артты

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдарының келіссөздері өтті. Келіссөздер барысында тараптар рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Астана телеарнасы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Тараптар Астана – Ташкент бағыттары бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 12-ден 36 рейске дейін (өсім 80%) және Алматы-Ташкент бағыттары бойынша аптасына 20-дан 36 рейске дейін (өсім 200%), ал қалған бағыттар бойынша аптасына 4 рейске дейін екі еседен астам ұлғайтуға уағдаласты. Осылайша, қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде ағымдағы жылдың көктемгі-жазғы кезеңінен бастап «Эйр Астана» және «Uzbekistan Airways» әуе компаниялары Алматы – Ташкент бағыты бойынша жиіліктер санын аптасына 14–тен 20 рейске дейін және Астана-Ташкент бағыты бойынша аптасына 6-дан 12 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ бәсекелестікті және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы барлық шарттық бағыттар бойынша әуе тасымалдаушыларды бірнеше рет тағайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, қазақстандық әуе тасымалдаушылар Самарқанд, Ферғана, Бұхара және Қарши қалаларына тікелей тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 Қазақстан шахматшылары үшін ең табысты жыл болды.
Тоқаев ЖЕЭК-тің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
Ақтаудағы ұшақ апаты: аман қалған стюардесса көз жасын тоқтата алмады
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін