Қазақстан мен Өзбекстанды жаңа теміржол байланыстырады

Қазақстан мен Өзбекстанды жаңа теміржол байланыстырады

Түркістан облысында ұзындығы 152 км болатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір режимінде жұмыстарды ресми түрде бастап берді. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазды. Ірі инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша іске асып жатыр және республиканың көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған. Оның аясында қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы жаңа өткізу бекеті ашылады. Жалпы жыл басынан Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалының көлемі 25,8 млн тоннаны құрады. Негізгі жүк ағыны бүгінде өткізу мүмкіндіктерін толығымен пайдаланып отырған «Сарыағаш» мемлекетаралық торап станциясы арқылы өтеді.Жаңа т/ж желісін салу қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жүктерді жаңа тармаққа қайта бағдарлауға, «Сарыағаш» станциясының жүктемесін азайтуға және жалпы Өзбекстан бағытында экспорттық тасымалдарды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа жоба Түркістан облысының республиканың негізгі теміржол желісімен қосылуы есебінен оның дамуына ықпал ететін болады. Премьер-Министр өз сөзінде бүгін Қазақстанда тағы бір маңызды оқиға болып жатқанын атап өтті.«Теміржол – мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік өмірінің дамуын қамтамасыз ететін болат артериялар. Өткен жылы теміржолдармен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығындағы ең жоғары жүк көлемі тасымалданып, ол 245 млрд тонна-километрді құрады. Мұндай қарқындар геосаяси жағдайларға және инфрақұрылымдық шектеулерге қарамастан биыл да сақталып отыр», — деді Әлихан Смайылов. Үкімет басшысының айтуынша осы жылдың соңына дейін Өзбекстанның қатысуымен жүктерді тасымалдау көлемі шамамен 31 млн тоннаны құрайды деп болжануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артық. «Осы учаскенің өткізу қабілетін кеңейту, сондай-ақ еліміздің экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыру үшін ірі теміржол жобасы – Дарбаза – Мақтаарал жаңа желісін салуды бастаймыз», — деді Премьер-Министр.Жоба екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең «Сырдария» станциясына шығатын Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы – Ердаут – Мақтаарал желісін салуды көздейді. Екінші кезеңде Жетісай – Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы тармағын пайдалануға беру көзделген. Барлығы 152 км теміржол төсемі салынады. Жоба үшін 19,7 мың тонна рельс, сондай-ақ 280 мың темірбетон шпал мен рельс бекіткіш сатып алу жоспарланып отыр. Жаңа теміржол құрылысы 3 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жобадағы қазақстандық қамту үлесі 85% құрайды. Теміржол төсемінің бірінші буынын төсегеннен кейін Премьер-Министр рәсімге қатысушыларды жұмыстың басталуымен құттықтап, жобаны белгіленген мерзімде сапалы түрде іске асыру қажеттігін атап өтті.«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов Дарбаза – Мақтаарал желісі Түркістан облысының шалғайда орналасқан Мақтаарал және Жетісай аудандарын Қазақстанның қалған бөлігімен байланыстыратынын атап өтті. «9 станция салынады. Бұл теміржол Қазақстаннан осы аудандарға және сол аудандардан Қазақстанға жүктердің тікелей жіберілуін қамтамасыз етеді. Себебі қазір олар Өзбекстанмен шекарадан өтуге мәжбүр. Бұл осы аудандардың дамуына әсер етеді. Құрылыстан кейін олар жаңа серпін алады», — деді ол.Қанат Әлмағамбетовтың айтуынша, Қазақстанның транзиттік әлеуеті де айтарлықтай артпақ. «Ауғанстан, Иран, Тәжікстан және Өзбекстанға келетін жүктер осы жолмен тезірек өтеді. Оған қоса Сарыағаш – Ташкент учаскесіндегі кептеліс азаяды. Соңғы жылдары жүк көлемі көп болды. Осы орайда олардың біразы уақытында берілмей жатады, себебі бұл буын мұндай жүк көлеміне арналмаған. Соңғы екі-үш жылда жүктеме күрт өскен. Құрылыс осы негізгі учаскенің жүктемесін азайтуға және жолаушылар пойыздарын басқаруға көмектеседі», — деді Қ. Әлмағамбетов. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қазіргі уақытта Пәкістан арқылы Үндістанға теміржол құрылысы талқыланып жатқанын мәлімдеді. Дарбаза-Мақтаарал желісін іске қосу Қазақстанның осы стратегиялық бағытты дамытуға қосқан елеулі үлесі болмақ. «Біз жүк ағыны қосымша 10-14 млн тоннаға артады деп болжап отырмыз. Ал болашақта 20-25 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Бұл учаске Ташкент торабын айналып өтіп, жүктерді екі бағытта да тезірек тасымалдайтын болады», — деп түйіндеді Қанат Әлмағамбетов. Айта кету керек, Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі кеңейту аясында Үкімет теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, Достық – Мойынты учаскесінде екінші жол және Алматы айналма жаңа теміржол құрылысы жүріп жатыр. Жақын арада Қытаймен үшінші халықаралық торапқа шығатын Бақты – Аягөз жаңа т/ж желісі бойынша жұмыстарды бастау жоспарланып отыр. Барлығы үш жыл ішінде республикада 1 300 шақырымнан астам теміржол салынады.

 Асанәлі Әшімұлы,  Қазақстанның Еңбек Ері:  Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
  • aqshamnews
Жолда қалған 15 жолаушы құтқарылды
Жолда қалған 15 жолаушы құтқарылды
  • baq.kz
  Бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше – Ерлан Қошанов
Бұл мерекенің маңызы зор, мәні ерекше – Ерлан Қошанов
  • aikyn
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
  • aqshamnews
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
  • aqshamnews
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
  • aqshamnews
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
  • aqshamnews
 Асанәлі Әшімұлы,  Қазақстанның Еңбек Ері:  Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
  • aqshamnews
 Асанәлі Әшімұлы,  Қазақстанның Еңбек Ері:  Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
  • aqshamnews
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
  • aqshamnews
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
  • aqshamnews
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
  • aqshamnews
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
Тәуелсіздік – баға жетпес байлық
  • aqshamnews
Дәрігер жастықты сақтауға көмектесетін тағамды атады
Дәрігер жастықты сақтауға көмектесетін тағамды атады
  • Massaget
Каспийді сақтауға арналған ғылыми жоба ТМД елдерінің премьер-министрлеріне таныстырылды
Каспийді сақтауға арналған ғылыми жоба ТМД елдерінің премьер-министрлеріне таныстырылды
  • el.kz
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауында қалды
Маңғыстау облысында 13 жүк көлігі қар құрсауында қалды
  • baq.kz
Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды
Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 95 жасқа толды
  • sn.kz
Бүгін – Тәуелсіздік күні
Бүгін – Тәуелсіздік күні
  • turkystan
  Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы
Мәулен Әшімбаев: Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау – әр қазақстандықтың қастерлі борышы
  • aikyn
Жас спортшылар патриоттық челленджге қатысты
Жас спортшылар патриоттық челленджге қатысты
  • el.kz
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
  • baq.kz
Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандықты іздестіріп жатыр
Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандықты іздестіріп жатыр
  • Massaget
  16 желтоқсандағы доллар бағамы қандай?
16 желтоқсандағы доллар бағамы қандай?
  • aikyn
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті?
Қазақстан Тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге жетті?
  • el.kz
Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады
Суперкомпьютер Чемпиондар лигасының жеңімпазын анықтады
  • penalty
Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты қалай өтті?
Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты қалай өтті?
  • el.kz
Қырғыз президенті Садыр Жапаров футбол турниріне қатысып, 14 гол соқты
Қырғыз президенті Садыр Жапаров футбол турниріне қатысып, 14 гол соқты
  • 1bol.kz
9 алтын медаль! Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
9 алтын медаль! Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді
  • sn.kz
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
  • bassport.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады: 16 желтоқсан 2024, 08:02 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады: 16 желтоқсан 2024, 08:02 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
«Жігіт сасқалақтап қалды»: Нюшаға қазақша ән шырқатқан Қайрат Нұртасқа халық риза болды (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Бала-шағамды кім асырайды?»: Әнші Сырым Исабаев жұртты ойландырып қойды
«Бала-шағамды кім асырайды?»: Әнші Сырым Исабаев жұртты ойландырып қойды
  • sn.kz
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған концерт өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған концерт өтті
  • el.kz
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
  • halyq-uni
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
  • Otyrar
Қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр
Қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр
  • Otyrar
Тәуелсіздік күніне орай патриоттық кітап талқылауы өтті
Тәуелсіздік күніне орай патриоттық кітап талқылауы өтті
  • Otyrar
Абай атындағы кітапхана сирек кітаптар қорын толықтыруда
Абай атындағы кітапхана сирек кітаптар қорын толықтыруда
  • Otyrar