Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған құжат қабылданды

Трансшекаралық өзендерді басқару мәселесі шешілер емес. Бұл проблема Орталық Азияны соңғы 30 жыл бойы толғандырып келеді. Біздің еліміз үшін де бас ауыртар мәселеге айналған. Қазақстанға су ресурстарының 50 процентке жуығы шекаралас мемлекеттерден келеді. Ал өзендер мен көлдерді тұрақты басқаруға ықпал ететін конвенцияға көршілердің арасында Өзбекстан ғана мүше. Демек, бізге тапшылықтан құтылу үшін осы тараппен келіссөз жүргізу – маңызды. Басты қадам – одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы заң. Бүгін бұл Мәжілісте мақұлданды. Енді мәселе шешіле ме? Аружан Задабектің материалы. Қазақ пен өзбекті байланыстыратын ортақ құндылық көп. Екі елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні ұқсас. Тату көрші, сенімді серіктес. Берік қарым-қатынастың арқасында бауырлас елдердің арасындағы ортақ келісім де көбейіп келеді. Соның бірі бүгін Мәжілісте талқыланды. Қайрат ОМАРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Шарт саяси, әскери, сауда-экономикалық, транзиттік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық, азаматтық-қорғаныс және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Қазақстан мен Өзбекстан бұл заңды қабылдауға біраздан бері оқталған. Ең маңызды бастама – Мемлекет басшысының 2021 жылғы Ташкентке сапары. Соның нәтижесінде қос тарап мемлекетаралық қатынастардың мәртебесін одақтастық деңгейге көтеру туралы шешім қабылдады. Айтып қана қойған жоқ. Араға бір жыл салып екі ел де ратификациялады. Айгүл ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 1998 жылы екі елдің арасында «Мәңгілік достық» туралы шарт жасалды. 2013 жылы стратегиялық әріптестік туралы шарт жасасты. 2021 жылы Одақтастық қарым-қатынас туралы декларация қабылданды. Ал, мынау – төртінші құжат, шарт. Қазақстан Өзбекстанның сауда серіктестерінің ішінде үшінші орында. Сауда көлемі 5 млрд доллардан асады. Болашақта оны 10 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр. Өнеркәсіптік кооперация саласында да жетістік көп. 156 млн долларды құрайтын 12 бірлескен жоба дүниеге келді. Тағы 21-і іске асуы мүмкін. Риззат ТАСЫМ, САЯСАТТАНУШЫ: Көршілес мемлекеттегі экономикалық ахуал жақсармай Қазақстанға да қиын болады. Өйткені нарық қалыптасуы қиын болады. Сондықтан да Өзбекстан мен Қазақстанның ынтымақтастығы жаңа деңгейге шықты деуге болады. Бұл деңгей неге әкелу керек? Басты мақсат - әлем бағытының үйлесімділігін арттыру, екі мемлекеттің өзара түсінушілігін, сыртқы саяси жәні ішкі саяси мәселелерге өзара түсінушілігін арттыру. Құжатта сауданы дамытып, көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығын жолға қою мәселесі де қарастырылған. Ала шапанды ағайын Қазақстан арқылы Қытай мен Ресейге экспорттық өнімін жөнелтеді. Ал бізде ақ алтын егетін жер көп. Тек жобаға инвестор керек. Өзбекстанда бұған ниеттілер бар. Бұдан бөлек, заң жобасы су мәселесін де қарастырады. Әсіресе құжат шеңберінде трансшекаралық өзендердің жайы жан-жақсты саралануы тиіс. Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Тараптар трансшекаралық суларды ұтымды, өзара тиімді пайдалану жөнінде нормаларды қарастырған. Соңғы кезде экология, су қауыпсіздігі Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері үшін өте өзекті болып отыр. Әсіресе трансшекаралық суларды басқару шешілмей жатыр. Қазақстан мен Өзбекстан көптеген салада бірін-бірі толықтырады. Енді екі елдің өнеркәсіп, көлік және логистика, энергетика, фармацевтика мен құрылыс сияқты салалары өзара кооперацияланады. Одақтастық аясында көші-қонды реттеледі, азаматтар елдер арасында еркін жүріп-тұрады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жазушы Мұхтар Мағауиннің жаназасы мен жерлеу рәсімі АҚШ-та өтеді
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
"37 пайызға дейін су үнемдеу": Министрлік мажарлық препарат сынағын жариялады
Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден Тунисте өтетін Гран-при кезеңіне қатысады
Батыс Қазақстан облысында бірнеше жол жабылды
БҚО-да құтқарушылар іздестіру-құтқару операциясын сәтті өткізді
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Мұрат Нұртілеу Мажарстан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті