Қазақстан мен Польша жол саласын дамытатын ғылыми жобаларды бірлесе жүргізеді

Қазақстан мен Польшаның ғылыми Жол институттары екі меморандумға қол қойды. Демек екі ел жол саласын дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды бірлесе жүргізіп, сала мамандарын даярлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Қазақстандық жолшылар жұмыс сапарымен Польшаның Варшава мен Краков қалаларына барды. Делегация құрамына Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) мен Қазақстан Республикасындағы PIARC Ұлттық комитетінің өкілдері кірді. Кездесу жолдар мен көпірлерді зерттеу институтында (IBDIM) өтті. Польшадағы автомобиль жолдары мен көпірлерді ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен, сондай-ақ жергілікті жол конгресінің президенті Збигнев Котлярекпен және техникалық директор Александру Скорупскумен кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективаларын талқыланды, - делінген ақпаратта. Кездесу ғылыми жобаларды жүзеге асыру және нормативтік базаны реформалау саласындағы тәжірибе алмасу алаңына айналды. Жолдарды салу әрі күтіп ұстаудағы инновациялық технологияларға ерекше назар аударылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сонымен бірге Краков технологиялық университетінің ректоры және профессор Анджей Шарамен меморандумға қол қойылды. Бұл келісім заман талабына сай күрделі инженерлік және технологиялық міндеттерді шешуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Ол ғылыми қызметкерлерді тағылымдамадан өткізудің жалпы бағдарламаларын және автомобиль жолдарын салу, пайдалану және күтіп ұстау саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Рыбакина Дубайдағы турнирде топжарды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды
Атырауда сүт әкелуге кеткен оқушы табылмай жатыр
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
«Өліп кетуі мүмкін еді»: Дәрігер биіктен құлаған мұғалімнің қандай жарақат алғанын айтты
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады