Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы визасыз режим күшіне енді

Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифинг кезінде Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында визасыз режимі енгізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Смадияровтың айтуынша, келісімнің 1-бабына сәйкес, екі елдің азаматтары екінші уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше рет келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте азаматтардың шекарадан өткен кезден бастап екi мемлекет аумағында болу мерзiмi әр жарты жыл сайын 30 күннен аспауы қажет. Егер Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарында 30 күннен астам болу қажет болса, олар тиісті санаттағы Сейшел визасын алдын ала ресімдеу керек. Еске сала кетсек, екі ел арасындағы визасыз режим туралы келісімге 2023 жылғы қыркүйектің соңында қол қойылды. Британ энциклопедиясына сәйкес, Сейшел аралдары - Үнді мұхитының батысындағы 115-ке жуық аралдан тұратын аралдық республика. Сейшел аралдарының негізгі аралдары Кениядан шығысқа қарай шамамен 1600 шақырым және Мадагаскардан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 1100 шақырым жерде орналасқан. Елордасы Виктория Махе аралында орналасқан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде мәреге бірінші келді
#Qazalemi. Нұрлан Қоянбаев 16 желтоқсанға орай байқау жариялады
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады