Қазақстан мобильді интернет ең арзан елдер қатарына енді

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдер қатарына кіреді. Елімізде 1Гб мобильді интернеттің орташа құны небәрі 0,37 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бүгінде интернет электр, жылу, су, газ секілді басты қажеттіліктің біріне айналды. Мобильді интернет құны тұтынушыларды толғандыратын жәйттердің бірі. Британдық Cable талдау ресурсының мәліметінше, өткен жылы 1 Гб мобильді деректердің орташа құны бойынша 233 елдің ішіндегі Израиль (0,04 $), Италия (0,12 $), Сан-Марино (0,14 $), Фиджи (0,15 $) және Үндістанда (0,17 $) ең арзан болып шықты. Қазақстан - ең арзан мобильді интернеті бар елдердің қатарына кірді. Елімізде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны небәрі 0,37 АҚШ долларын құрады. Зерттеу көрсеткендей, инфрақұрылымы жақсы жолға қойылған елдер ранкингтің «арзан» бөлігінде орналасқан. Талшықты-оптикалық желілер және дамыған мобильді және кең жолақты инфрақұрылым абоненттерге трафикті төмен бағамен ұсынуға мүмкіндік береді. Ресейде 1 Гб мобильді интернеттің орташа құны 0,48 АҚШ доллары, Германияда — 2,67 доллар, Португалияда — 3,67, Жапонияда — 3,85 доллар, АҚШ-та-5,62 долларды тұрады. Қазақстанда мобильді интернет құны әлемдегі ең төмен бағалардың бірі ғана емес, жылдық динамика жағынан алғанда да қысқарған. Cable мәліметтері бойынша, 2021 жылы Қазақстанда 1 Гб мобильді интернеттің орташа бағасы 0,59 АҚШ долларын құрады. 2019 және 2020 жылдары бұл көрсеткіш 0,49 және 0,46 долларға түсті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
ҚР Қорғаныс министрі самбо федерациясының президенті болып сайланды
Базарға импорттық азық-түлікті жасырып тасымалдауға тыйым салу керек
Қазақстандық төреші үстел теннисінен ATTU техникалық және төрешілер комитетіне қабылданды
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Сенаторлар Қазақстанның ЕҚДБ-мен ынтымақтастық мәселесін талқылады
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па? Федерация түсінік берді
Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Павлодарда ұсталды
Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді