Қазақстан өнеркәсібінде машина жасау 6%-ды құрайды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Машина жасаушылар форумы» туралы айтты.«Форум өзін машина жасау саласындағы кәсіпорындардың алдында тұрған мәселелер мен сын-тегеуріндердің кең ауқымын қамтитын пікірталас алаңы ретінде танытты. Машина жасау – кез келген индустриалды дамыған мемлекет экономикасының маңызды саласы. Барлық жабдық, машина, станок, аспап, сондай-ақ халыққа арналған тауарлар өндіріледі, машина жасау экономиканың барлық негізгі саласы қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді», - деді Оспанов. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан өнеркәсібінде машина жасау 6% құрайды, бұл шамамен жалпы ішкі өнімнің 1,5% құрайды. «Әрине, бізде алда әлі атқарылатын жұмыстар бар. Салыстыру үшін дамыған елдерде өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің орта есеппен 30-50% құрайды. Қазақстанда машина жасау саласы дамып келеді. Салада 3,8 мың кәсіпорын жұмыс істейді, 116 мың адам жұмыспен қамтылған.2022 жылы өнім шығару көлемі 3,1 трлн теңгеге жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 31,5% өсімді көрсетті. Оның ішінде 2022 жылы құны 230 млрд теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаның іске қосылуы оң ықпал етті», - деді Ілияс Оспанов. Вице-министр атағандай, осы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша сала – өнеркәсіптегі көшбасшылардың бірі. «Өндіріс 36% өсті, көлемі 829 млрд теңгені құрады (былтырғы 3 айда – 609 млрд теңге). Саланың нақты көлем индексінің өсімін көрсетті – 135,3%. Бұдан басқа, 2023 жылы салада құны шамамен 230 млрд теңге болатын 36 жобаны іске асыру жоспарланып отыр», - деді ол.