"Қазақстан орнықты дамуға және бүкіл адамзаттың үйлесімді болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді", - Е.Қошанов

"Қазақстан орнықты дамуға және бүкіл адамзаттың үйлесімді болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді". Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Женевада өткен Парламентаралық Одақтың 148-ші Ассамблеясының кезекті отырысында осылай деді. Басқосуда ол климаттың өзгеруі, демократия және адам құқықтары, бейбітшілік пен қауіпсіздік, гендерлік теңдік, жастардың белсенділігі мен орнықты даму сияқты бағыттар бойынша Парламентаралық Одақ Ассамблеясының құрамындағы қазақстандық депутаттардың нәтижелі жұмысын атап өтті. Сондай-ақ, мәжіліс төрағасы «Парламенттік дипломатия: бейбітшілік пен өзара түсіністік жолында байланыс орнату» атты кездесу тақырыбының өзектілігіне тоқталды. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан орнықты дамуға және бүкіл адамзаттың үйлесімді болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді. Оған әсіресе соңғы жылдары елімізде жүргізіліп жатқан, ауқымды саяси реформалар айқын дәлел. Қазіргі кезде демократиялық ел, әділетті Қазақстан құру үшін барлық жағдай жасалған. Бұл бейбітшілік пен өркендеудің кепілі. Қазақстан парламенті де бұл жұмысқа белсене ат салысуда. Парламентаралық Одақ Ассамблеясы аясында Ерлан Қошанов Парламентаралық Одақтың Төрайымы Ту́лия А́ксонмен кездесті. Сонымен қатар, мәжіліс төрағасы Швейцария Конфедерациясына ресми сапары аясында Бернде Швейцария Федералды Жиналысы Ұлттық Кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Швейцария Конфедерациясының федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесті. Тараптар достық топтары, комитеттер мен партиялық фракциялар арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Сондай-ақ, сауда-экономика, көлік-логистика, экология, білім беру мен ғылым салаларында серіктестікті қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барыс» бүгін Ресейде «Лада» командасымен кездеседі
Davis Cup: Қазақстан құрамасы Пәкістанмен ойнайды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Шұғыл! Ақтауға тағы бір ұшақ апаттық жағдайда қонды
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Қазақстан фристайл-могулдан әлем чемпионатының медальдық есебінде нешінші орында тұр
Ризабек Айтмұхан үздіктер тізімінде
БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды
Алматыда бір қабатты қойма өртеніп кетті
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Ұлытауда облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«AMANAT»: Сыр халқы партия қолдауын сезінді
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Қостанай облысында жанармай құю станциясына шабуыл жасалды
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге қаражатты жымқыру дерегі  анықталды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?