Қазақстанға Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақырту келді.Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, XXXIII Жазғы олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Франция астанасында өтеді. «ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Ресми құжатты Халықаралық олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады», - делінген хабарламада. Халықаралық олимпиада комитетінің шақыртуы 206 Ұлттық олимпиада комитетінің 203-іне жіберілген. Шақырту алмаған елдер тізіміне Ресей, Беларусь және Гватемала кіреді (ХОК бұл елдерді тізімнен алып тастаған). Айта кетсек, бір күн бұрын, 26 шілдеде аталған оқиғаның Парижде ХОК президенті Томас Бах пен Париж-2024 жазғы Олимпиада және паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің президенті Тони Эстангуэнің қатысуымен салтанатты шара өтті.