«Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия құрылып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеуге кірісті. Комиссия мүшелері өрттің себебін және төтенше жағдайдың мән-жайын анықтауы тиіс.Сондай-ақ шахта базасында жедел штаб құрылды. Оның жұмысы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басинге тапсырылды. Бұл туралы Шахтинск қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында ұйымдастырылған арнайы көшпелі брифинг барысында белгілі болды. ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Кеңгірбай Есенеевтің айтуынша, шахтада соңғы тексеру жақында ғана жүргізіліпті. Бұзушылықтар анықталды, бірақ олар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеген. Метанның асып кетуі де тіркелмепті. Апатты жою жоспары СО бойынша айғақтарға байланысты енгізілді, деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай. «Зардап шеккен бес адамның екеуі жұмыс қабілеттілігі мен орналасу жүйесін тексерумен айналысатын слесарлар болды. Олар бірінші ауысымда апат болған конвейер беткейіндегі кейбір ақауларды жою жұмыстарын атқаруда еді. Апат орнындағы тағы бір слесарь КТ учаскесінен еді. Екі жұмысшы апат учаскесінің жанында болды», – деді Сергей Огай.