«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі сөнбеген – ТЖМ

«Қазақстан» шахтасындағы өрт ошақтары әлі сөнбеген. Жағдай жақсарған жоқ. Қазір кен орнында жұмыс уақытша тоқтап тұр. Көмір қазу мүмкін емес. Өрттің ары қарай таралып кетпеуі үшін штаб басшылығы гипстен көпір салу арқылы апатты учаскені оқшауламақ. Сырым ШӘРІПХАНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Аймақ әлі қауіпті. Қазір ол жерде 30-дан астам арнайы дайындалған мамандар жұмыс істеп жатыр. Қауіпсіздік ережелері сақталуда. Өрт 10 күн ішінде ауыздықталады деп болжап отырмыз.  Жан- жаққа тараған тілсіз жаудың кесірінен шахтаның асты жаппай жанып, балқып жатыр дейді "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының басшысы. Салдарынан құтқару қызметінің өзі апат ошағына жете алмаған. Қазір ондағы температура 30 градустан жоғары,- дейді мамандар. Виктор ГАФИУЛОВ, «АРСЕЛОРМИТТАЛ ТЕМІРТАУ» АҚ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Шахтаның басты күре тамыры – шахта оқпаны жабық. Қазір шахтада кен қазуға рұқсат жоқ. Апаттан құтқару жұмыстары жалғасуда. Онда тек құтқарушылар, су шығарушы, шахтаға түсіріп, көтеру секілді қажетті мамандар ғана жұмыс істейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
БҰҰ Бас ассамблеясы Халықаралық қар барысы күнін ресми түрде бекітті
TAVI тәсілі: Алматыда қолқа клапаны имплантацияланды
Қазақстанда мереке күндерінде қосымша пойыздар іске қосылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:59 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді