Қазақстан шетелге кофе экспорттайды

Жүн мен теріні үлгерте алмай жатсақ та, кейбір кәсіпкерлер кофені өңдеп өзге елге сатуда. Экваторлық аймақта өсетін дақыл бізге негізінен Бразилия, Италиядан келеді. Отандастарымыз оны өңдеп, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан секілді елдерге экспорттайды. Кәсіптің бұл түріне сұраныс жоғары дейді мамандар. Осы және өзге ақпараттар "Экономика" топтамасында.Қазір жұрт бұрынғыдай базар аралап, керекті тауарын қолмен ұстап, көзбен көріп алмайды. Тіпті азық-түліктің өзін интернет платформаларынан тапсырыс беретін болған. Былтыр Электронды сауда көлемі 2,4 трлн теңгеден асыпты. Маркетплейстерде телефон мен гаджеттер көп сатылған. Жалпы сауданың 27 пайызы. Тұрмыстық техника 11, компьютерлік тауарлар 10, көлікке қажетті заттар 7 процент. Маркетплейс арқылы көрсетілген қызметтер көшін көлік орындарын брондау қызметі бастап тұр. 38 процент. Сондай-ақ тұтынушылардың 37 пайызы ұшақ пен пойызға билет сатып алған. Онлайн саудадағы бөлшек тауарлар үшін орташа чек 14 мың теңге, ал көрсетілген қызметтер құны 2500 теңге болды.Несібесін несиеге байлайтындар көбейіп барады. Халықтың банкке берешегі 35 трлн теңгеден асқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 пайыз көп. Кредиттің жартысына жуығы бизнес субьектілеріне тиесілі. Қалғаны-тұтынушылық және ипотекалық несие. Көпшілік қарызды төл теңгемізбен алады. Бірақ соңғы уақытта шетел валютасымен кредит рәсімдейтіндер артқан. Олардың берешегі 3 трлн теңгеге жуықтайды. Елімізде кофеге сұраныс жоғары. Қай бұрышқа бұрылсаңыз да алдыңыздан «менмұндалап» кофехана шығады.  Жұрттың осы қоңыр сусынға бой үйреткені сонша жаяулап та, көлікте келе жатып та ішеді. Кәсіптің бұл түрі жыл сайын 20 пайызға өсіп жатыр. Қазір Елорданың өзінде 700-дей кофехана бар. Ай сайын бұл көрсеткіш көбеймесе, азаймайтын сыңайлы. Сондықтан болар елімізде кофе импорты да өсіпті. Былтыр өзге елдерден 3100 тонна кофе сатып алыппыз. Көш басын 1100 тоннамен Ресей бастап тұр. Бразилиядан 823 тонна, Италиядан 426, Нидерландыдан 122, Германиядан 88, Колумбиядан 60, Эфиопиядан 58 тонна дақыл импортталған. Ал соңғы жылдары Қазақстан тек кофе тұтынушы ғана емес, аз көлемде болса да Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия секілді елдерге экспорттаушы елге де айналған. Былтыр жалпы құны 829 мың долларға 70 тонна кофе сатыппыз. Валюта бағамына тоқталайық. Қор нарығында доллар бүгін 444,17 теңге, Еуро - 481,57 теңге, Ресей рублі - 4,96 теңге.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Автобустың дөңгелегі жарылып, 38 адам мерт болды
Мереке ме, мейрам ба: қай нұсқа дұрыс?
“Тек билет бағасы өсе береді“. Елімізде қанша ұшақ 25 жылдан ұзақ пайдаланылған?
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті