Қазақстан шетелге кофе сатады

Кофе таңсық ас болмай қалды. Үйде де, түзде де кез келген жерде қолжетімді. Жұрттың осы қоңыр сусынға бой үйреткені сонша жаяулап та, көлікте келе жатып та ішеді. Қай бұрышқа бұрылсаңыз да алдыңыздан «менмұндалап» кофе шығады. Ең бастысы, бұрын кофені өзге елдерден импорттап келсек, енді өзіміз экспорттауға көштік. Ұйқымыздан ояну үшін кофе, түскі үзілісте де кофе, үйге қайтар жолда да кофе ала кететініміз бар. Досымызбен де жайлы кофеханада кездескенді жөн көреміз. Қалай десек те, кофе қалалықтардың өміріне дендеп еніп кетті. Айбек Аханов, кофе фестивальдерін ұйымдастырушы: - Бүкіл әлемде кофе тұтынушылардың саны өсіп, кофе бизнесінің өокендеу тенденциясы байқалады. Мысалы, Қазақстанда бұл кәсіп жыл сайын 20 пайызға өсіп жатыр. Соған сәйкес халықтың тұтыну көрсеткіші де жоғарылауда. Бұл сусынға жұрт толық үйренді десек болады. Десек те, кофені ішу тәртібі мен мөлшерін біліп, кері әсер етуіне жол бермейік дейді мамандар. Фариза Сембаева, нутрициолог: - Кофені негізі таңертеңгі уақытта 9.30-11.30-дың арасында ішу керек. Тек ашқарынға ішуге болмайды. Міндетті түрде таңғы аспен. Қан қысымы жоғары кісілерге, жүкті әйелдерге, 14 жасқа дейінгі балларға мүлде қолдануға болмайды. Елордада қазір 692 кофехана жұмыс істеп тұр. Ал сәуір айында екі гис қосымшасынан бұл орындарды іздеушілердің саны 415 мыңнан асқан. Ай сайын бұл көрсеткіш көбеймесе, азаймайтын сыңайлы. Сондықтан болар елімізде кофе импорты да өсіпті. ГРАФИКА: Дәлірек айтсақ, 2023 жылы Қазақстан басқа елдерден 3100 тонна кофе сатып алды. Бірінші орында Ресей – 1100 тонна, екінші орында Бразилия – 823 тонна, одан кейін Италия – 426 тонна, Нидерланды – 122 тонна, Германия - 88, Колумбия – 60, Эфиопия – 58 тонна. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға артық көрсеткіш. Тіпті шикізатты сатып алып, өз елімізде өндіретін шағын зауыттар да жұмыс істейді. Сондай өндірістің бірі ең алғаш рет 2009 жылы Қарағанды қаласында ашылыпты. Павел Сериков, кофе өндіретін компания директоры: - Кофе экваторлық аймақтарда өсетіндіктен біз шикізатты еуропалық импорттаушылардан сатып алып, дайын өнімге айналдырып, кофеханалар, мейрамханалар, тіпті жеке адамдарға жеткіземіз. Біз Қазақстандағы алғашқы өндірушілерміз. Қарағандыда шығарамыз.Соңғы 5-6 жылда қатарымыз көбейіп кетті. Түрлі қалада, орталық қана емес, өңірлерде де бар. Қазақстан тек кофе импорттаушы емес, аз көлемде болса да Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия секілді елдерге экспорттаушы елге де айналған. Мысалы, 2023 жылы Қазақстаннан жалпы құны 829 мың долларға 70 тонна кофе сатылды, деп хабарлайды 24KZ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ayree сүйіктісімен некесін қидырды
«Мұғалімдер шырша безендірген». Семейде шенеунік қызметінен кетті
Сенаторлар өңірлерде жергілікті тұрғындармен кездеседі
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін