Қазақстан СІМ Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Корея Халық Демократиялық Республикасының зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады.«Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуалдың дамуын мұқият қадағалап отыр. Ядролық қаруды сынау және баллистикалық зымырандарды ұшыру ядролық қарусыздану процесіне теріс әсер етеді және аймақтық әрі жаһандық ауқымда қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Ядролық қарусыз мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылған Қазақстан жаппай қырып-жоятын қаруды таратпаудың халықаралық режимін қатаңдатуды дәйекті түрде жақтайды», - делінген мәлімдемеде. Айта кетейік, бүгін, 31 мамырда таңертең Солтүстік Корея өзінің алғашқы ғарыштық спутнигін орбитаға шығару үшін баллистикалық зымыран ұшырғаны туралы хабарланған болатын. Қазақстан КХДР зымыранының кезекті ұшырылымын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын бұзу ретінде қарастырады. «Солтүстік Корея билігін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз» , - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыдағы «Орталық стадионның» басқарушысы қызметінен шеттетілді
Абай облысында Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Әділбек Мусин әлем чемпионатында рекорд орнатты
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
«Ата-әжесіне қамқор болды». Метрода қаза тапқан жігіттің кім екені белгілі болды
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты аппелляциялық сот шешімі шықты
Қазақстан Венгрияда функционалды көпсайыстан әлем чемпионатына қатысып жатыр
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды