Қазақстан Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Вашингтонға жұмыс сапарымен барды.Қазақстан СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесіп, саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің үдемелі дамуын талқылады. М.Нұртілеу Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының теңдестірілген сипатын атап өтіп, озық америкалық технологияларды тарту, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту және өзара тиімді сауда қатынастарына қол жеткізу арқылы Қазақстанның көлік-логистикалық, инфрақұрылымдық және сауда-инвестициялық әлеуетін прагматикалық іске асыруға ерекше назар аударды. Өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы 33%-ға артып, 4 млрд АҚШ долларын құрады. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары елдер арасындағы энергетикалық қауіпсіздік, маңызды минералдар, климат, бітімгершілік және т.б. салалардағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түбегейлі өзгерістер бағдарламасының дәйекті және жүйелі сипатын құптап, Вашингтонның оларды практикалық іске асыруға жан-жақты жәрдем көрсетуді жалғастыруға дайындығын атап өтті. Э.Блинкен «Америка Құрама Штаттары Қазақстанның көптеген жаһандық мәселелердегі шынайы көшбасшылығын мойындайды» деп атап өтті. Сонымен бірге, тараптар «C5+1» диалогын кеңейту және өткен жылдың қыркүйек айында Нью-Йорк қаласында өткен осы форматтағы алғашқы саммиттің уағдаластықтарын іске асыру мәселелерін талқылады. Кездесу соңында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға келісті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы мұғалімдері «Бабалар аманатында» бақ сынады
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Айыппұл неге көбейді? – Дүйсенова жауап берді
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Ақтау әуежайына шұғыл қонды
84 елді мекенді су тасқынынан қорғау бойынша 56 жоба іске асырылуда
Алматыда салмағы алты келілік алып бала дүниеге келді
Алматыда қар шығару жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
Алматыда бір қабатты қойма өртеніп кетті
AZAL Баку-Қазан бағытындағы рейсін тоқтатты
Ұлытауда облыстық Экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Алматыда кафеге барған 4 жасар бала ауруханадан бір-ақ шыққан
Алматыда кафеге барған 4 жасар ауруханадан бір-ақ шыққан
Ұлттық қордан 18-ге толатындардың жинақтары есепшоттарына наурыз айына дейін аударылады
«AMANAT»: Сыр халқы партия қолдауын сезінді
«Салтанат шақырған такси жүргізушісімен сөйлестім»: Адвокат Нүкенованың ісіне қатысты тың дерек айтты
Қостанай облысында жанармай құю станциясына шабуыл жасалды
Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды
Екі өңірде ауа райына байланысты жол жабылды
Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге қаражатты жымқыру дерегі  анықталды
“Бұл күндер де қалады артта“. Тағы да бала күтіп жүрген Ерке Есмахан Италияда не істеп жүр?
«Иә дедім»: тележүргізуші Динара Сәтжан тұрмысқа шығады
Астанада ғасыр жасаған соғыс ардагері Раиса Сафоничева дүниеден озды
Анастасия Городко алтын алды
Qazaq Coffee кофеханасының тағдыры шешілді