Қазақстан Үкіметі бірқатар функциясынан айырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz."Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", делінген хабарламада.Құжатқа сәйкес, бұрын хабарланғандай, мемлекеттік басқару деңгейіндегі өкілеттіктер арасында орталықсыздандыру шеңберінде Үкіметтің функциясынан құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру алынып тасталады. Сондай-ақ, Үкімет Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етпейді, министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар олардың орындалуын бақылайды. Сонымен қатар, министрліктер өз құзыреті шегінде инвестицияларды, мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады делінген.Бұдан басқа, үкіметтің құзыретінен мына функциялар алынып тасталады: - Конституциялық заңда бекітілген Ұлттық стандарттар мен олардың бейнелеріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; - Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту. Бұл функциялар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері саласындағы уәкілетті органдарға беріледі. Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Талғар қаласына жаңадан сайланған әкім туралы не белгілі?
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Тәуелсіздік күніне орай патриоттық кітап талқылауы өтті
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды