Қазақстанда 10 мыңнан астам көлік шығарылды

2023 жылы ақпанда Қазақстанда 10 мыңнан астам автомобиль шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, жеңіл автомобиль мен коммерциялық техника өндіретін кәсіпорындардың машинажасау саласына ақпанда қосқан үлесі 46,7%. Сала елдегі машинажасау мен шынайы сектордың негізгі қозғаушы күші болып келеді. Ірі торапты әдістен CKD (шанақ дәнекерлеу және бояу) әдісіне өту жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Қостанайда кадр дайындау үшін оқу орындарының студенттері мен түлектеріне арналған 250 орындық заманға сай кампус құрылысы басталды. Алматыда Индустриялық аймақта автоөндіріс кластерін дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүріп жатыр, сонымен қатар орта тонналы Hyundai жүк көліктерін майда торапты әдіспен шығаратын конвейер желісі іске қосылды. Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) берген мәлімет бойынша ақпанда автоөндірушілер жалпы сомасы 130,2 млрд теңге құрайтын 10 430 техника шығарды. 2023 жылдың алғашқы екі айындағы жалпы нәтиже былтырғы сол уақытпен салыстырғанда 36,8% өскен. Биыл қаңтар мен ақпанда Қазақстанда 19 537 көлік құралы жасалды, олардың жалпы сомасы 232 млрд теңге құраған. Ал 2022 жылы сол кезеңде барлық типті 14 280 техника (133,6 млрд теңге) шықты. Екі айда 17 527 (+41,3%) жеңіл машина, 1 562 (-3,5%) жүк көлігі, 263 (+134,8%) автобус, 158 тіркеме мен жартылай тіркеме және 27 дана басқа арнайы техника конвейерден түсті, - делінген хабарламада. Екі ай қорытындысы бойынша Қостанайдағы Allur жалпы 112,7 млрд теңгеге 10 620 (+37,2%) техника құрастырды. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan құны 112,2 млрд теңге болатын 7 477 (+41,1%) автомобиль шығарды. Семейде орналасқан СемАЗ клиенттеріне 576 коммерциялық техника жөнелтті. Сарандағы QazTehna 185 автобус өндірді. Көкшетауда жұмыс істеп жатқан КАМАЗ- Инжиниринг мамандары 165 жүк көлігін жасады. Hyundai Trans Auto зауыты 50 жүк көлігі мен автобус шығарса, Daewoo Bus Kazakhstan 31 автобус өндірді. Жергілікті кәсіпорындардан шыққан ең танымал (экспортты қоса алғанда) брендтер: Hyundai (7 477), Chevrolet (4 102), Kia (3 814) және JAC (2 480).

Читать источник astanatv.kz/kz/
Базарда шай сатып тұрған ер адамға сый жасаған блогер жұртты сүйсінтті
Мүлкі суға кеткендерге 553800 теңге өтемақы үлестіріліп жатыр
Александр Бублик әлемнің 4-ракеткасынан қатарынан жетінші рет жеңілді
Әкесі мен қызының ұлттық құндылықтар жайлы әңгімесі жұртты тәнті етті
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталады
Саран қаласында Отбасын қолдау орталығы ашылды
Стенд атудан Қазақстан командасы Бакудегі әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды
"Әкем санама сіңірген". Тамара Асар неге ешкімге қарыз бермейтінін түсіндірді
2024 жылдың алғашқы тоқсанында 42 адам өндіріс орнында қайтыс болды
Республикалық ақпараттық штаб алаңында 190-нан астам брифинг өтті
"Дискотека 90-х". Абай Бегей мен әйелінің видеосы жұртты сүйсінтті
"Көңілім құлазып тұр". Қыз ұзатқан Гүлнұр Оразымбетова неге жылап қалғанын айтты
Александр Бублик Мадрид ATP 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады
Республикалық ақпараттық штаб алаңында 190-нан астам брифинг өткізілді
11 шетелдік құрылыста заңсыз жұмыс істеген – ШҚО
Су тасқыны: Атырауда су басқан аудан тұрғындарына 650 ұландық көмек көрсетіп жатыр
Танымал блогер жалғызбасты көпбалалы анаға баспана сыйлады
Қар, жел: 1 мамырға арналған ауа райы болжамы
Шет ауданына гуманитарлық көмек жөнелтілді
"Сүт сасыған апамның иісін сағынып, жылап алдым". Танымал ақын марқұм әжесін еске алды
11 жасар қыз бір жыл жинаған ақшасын Құлсарыға көмек ретінде берді
«Екі үйім бар деп алдадым»: композитор Қалдыбек Құрманәлі қалай үйленгенін айтты
Александр Бублик әлемнің 4-ракеткасынан қатарынан жетінші рет жеңілді
Мүлкі суға кеткендерге 553800 теңге өтемақы үлестіріліп жатыр