"Қарасора" арнайы операциясының соңғы аптасында Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында 110 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. 125 қылмыскер ұсталды. 250 келі есірткі, оның ішінде 238 келі марихуана, 2 келі гашиш және 10 келі синтетика тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz. Қарағанды қаласына кіре берісте Астананың 35 жастағы тұрғыны ұсталды, оның көлігінен 2,7 келі мефедрон тәркіленді. Шымкентте жергілікті тұрғынның көлігінен 3,2 келі мефедрон табылды. Алматыда Skoda автокөлігінің салонын тінту кезінде 6 келі гашиш тәркіленді. Сонымен қатар Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында Sсаnia жүк көлігі тоқтатылып, 4 келіден астам марихуана анықталды. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тағы 136 келі есірткі табылды. Жамбыл облысының Шу ауданында жергілікті тұрғын ұсталып, одан 67 келі марихуана тәркіленді. Ұсталған адамның айтуынша, ол бақылаудың азаюын күтіп, есірткіні қыста тасымалдауды жоспарлаған.