Қазақстанда 1,5 мыңға жуық дәрілік өсімдік өседі – Экология министрлігі

Қазақстанда 1,5 мыңға жуық дәрілік өсімдік өседі. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.«Қазақстанның өсімдіктер дүниесі ағаш-бұта және шөп өсімдіктерінің 6 мыңнан астам түрін құрайды. Оның ішінде 1,5 мыңға жуық түрі дәрілік өсімдіктер (оның ішінде 230 түрі ресми медицинада танылған), 390 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген, 110 түрі реликті өсімдіктер, сондай-ақ 700 эндемикалық өсімдік түрлері», - деді ол. Құтпанбаевтың айтуынша, Қазақстанда экспортталатын дәрілік өсімдіктерінің тізіміне 14 түрі кіреді – бұл мия, ферула, цистанхе, Түркістан сабын тамыры және басқалары. «Кедендік статистика деректері бойынша қазақстандық мия тамырын өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Түркия және АҚШ болып табылады. Мысалы, Қытайға 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейін 40 мың тонна мия тамыры экспортталды. Қараусыз қолданылуына байланысты дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры таусылады. Дәрілік өсімдіктерді бақылаусыз жинау көлемінің өсуіне сыртқы нарықтардағы сұраныстың артуы ықпал етеді», - деді Ерлан Құтпанбаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Қоғам қайраткерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Синоптиктер 19 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
Кімдерге ет жеген дұрыс? Дәрігер жауап берді
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды