Қазақстанда 10 мыңнан астам халқы бар 112 ауыл бар. Заң бойынша олар енді қала бола алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.Мәселен, жоғарыда аталған 112 ауылдың 18-інде 30 мыңнан астам халық тұрады. Заңнамада олардың мәртебесін өзгерту тетіктері қарастырылған. "Үш жыл ішінде халық саны 10 мыңнан асатын болса, онда облыстық мәслихат бұл ауылдардың мәртебесін өзгертуге, яғни оларға қала мәртебесін беруге құқылы", – деп түсіндірді шенеунік. Норма 2021 жылы күшіне енген. Сөз соңында басқарма басшысы қазір облыс әкімдіктерінде мәслихаттардан түскен өтініштер қаралып жатқанын айтты. Бірақ әзірге нақты шешім қабылданған жоқ, жұмыс жүріп жатыр.