Қазақстанда 2029 жылға дейін 18,2 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі

Бұл туралы үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты."2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының" "Жастар әлеуеті және кәсіпкерлік" бағыты бойынша жұмысқа уақытша орналаспаған жастардың пайызын төмендету мақсатында еріктілер жобалары іске асырылмақ. Тұрақты негізде NEET санатындағы жастардың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқаты жүйелі бақыланады. "Нәтижесінде NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-дан 3,5%-ға дейін төмендейді. Сонымен бірге 2029 жылға дейін 18,2 мың жасқа жеңілдетілген несие беріледі. Пысықтау нәтижесінде қосылған индикаторлардың бірі – жастарды жұмыспен және жоғары біліммен қамту. Нақтырақ айтқанда, 2,3 миллион жасты жұмыспен, 2,8 миллион жасты жоғары біліммен қамту көзделіп отыр", - деді министр Дархан Қыдырәлі. Сонымен қатар ол премьер-министрдің тапсырмасына орай, 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасына қатысты айтылған ескертулер мен ұсыныс-пікірлер ескеріліп, қайта пысықталғанын айтты. Жоғарыда аталған шаралар аясында 2029 жылға дейін 1 миллион ауыл жастарын жұмыспен қамту, 1,5 миллион жастың цифрлық сауаттылығын арттыру, 3,8 миллион жасты ресурстық орталықтар арқылы әлеуметтік қызметтермен қамту көзделген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Оралда тұрғын үй ауласындағы шыршаны ұрлаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Оралда тұрғын үй ауласындағы шыршаны ұрлаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Әзербайжан Премьер-министрі Қазақстанның Бакудағы Елшілігіне барды
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды