Елімізде энергетикалық сусындарды тұтынатындардың саны артып барады. Әсіресе, жастардың құмарлығы ерекше. Жасөспірімдердің шамамен 45%-ы энергетикалық сусынды ішіп көрген. Ал, мектеп оқушыларының 17,5%-ы күн сайын "энергетик" ішпесе тұра алмайды екен. Сондықтан, елімізде 21 жасқа дейінгі азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынбақ. Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Балалардың 9 пайыздан астамы әр түрлі тәтті осындай сусындарды күн де ішеді екен. Бұның өзі семіздікке, жүрек қан тамыр ауруларына, қант деабеті ауруларына әкеліп соғады. Сондықтан балалар олардың мөлшерін білмейді, олар әлі денсаулығына жауап бере алмайды.